Баланы қалай омыраудан шығару керек?

Oinet.kz 04-03-2019 1821

6-1476211421-657636b86d.jpg

Ғазиза Расылхановна Заурбекова, педиатр-дәрігер: 

- Омыраудан шығару кезіндегі басты талап – баланы біртіндеп айыру. Себебі, жылдам шығару немесе ерте шығару балаға ауыр тиюі мүмкін. Сол үшін жақын адамдарыңыздың көмектескені абзал. Алдын ала ол кісілермен келісіп алыңыз. Бұл жағдайда ол адам баланың бауыр басқан адамдары болуы керек. Мысалы, Сіз баланың әкесінен, әжесінен, апасынан немесе күтуші көмекшіңізден көмек сұрауыңызға болады. Ең бастысы, баланың жатырқайтын аз көрген адамы болмаса болғаны. Омыраудан шығару күндізгі уақыттан гөрі түнгі уақытта қиынға соғады. Өйткені көп аналар түнде бала жыласа аузына ана сүтін беріп үйреніп қалған. Бұған бала да үйренген. Сол себепті ең алдымен түнгі уақытта қалай және не беретінін дайындап алу керек. Жылаған кезде әкесі немесе басқа көмекке шақырылған адам сауылған сүтті немесе қоспа сүтті бөтелкемен немесе кесемен береді. Бұл кезде баланың әр қимылына мән беріп, жылағаны мен мазасызданғанына ерекше сабырлық танытып, жұбата білген маңызды. Бастысы – баланы ана сүтінен айыруға шешім қабылдап, сүт бермей бастағаннан кейін төзіммен соңына дейін шыдаған дұрыс.

Дереккөз :anabol.kz

Дислексиямен ауыратын адамға кітаптағы әріптер секіріп жүргендей көрінеді
Рак ауруының алдын-алу үшін тегін тексеріс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу