Украиналық ұшақты Иран қателіктен атып түсірген

Oinet.kz 10-01-2020 940


 0733CA87-97EE-4C91-8DFD-35D647464ADE_cx0_cy9_cw0_w1023_r1_s.jpg

"Международные авиалинии Украины" әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағын Тегеранда Иранның зенит-зымыран кешені атып құлатқан. Мұндай нұсқаны Newsweek газетіне Пентагон өкілі, АҚШ барлау қызметінің жоғары лауазымды өкілі әрі Ирак арнайы қызметінің қызметкері айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. 

 

Спикер басылымға берген сұхбатына қарағанда, Пентагонның пайымынша, украиналық лайнер "қателіктен" атып түсірілген.  CBS News басылымы болса өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, америкалық жерсеріктердің "жер-әуе" типіндегі екі зымыранның инрақызыл "жарқылын" тіркегенін хабарлады. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл мәселеде пікір білдіруден бас тартқан. Мұның алдында Интернетте Иранда Boeing 737-800 құлаған орыннан түсірілген деген бірнеше сурет пайда болды. 

 

Еске салайық, Киевке бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы таңғы уақытта Тегерандағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған. Ресми мәлімет бойынша, 176 адам қаза тапқан: 167 жолаушы Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция, Ауғанстан азаматтары және экипаждың 9 мүшесі.

Дереккөзі: Tengrinews.kz

 

 

 


Шымкентте шенеуніктердің алаяқтық жасауы үдеп барады
Мейіржан Мырзалиев: «Өткен жылды жемісті аяқтадық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу