Сотталған адаммен некені бұзу

Oinet.kz 07-03-2019 640

168-1476212130-268b9d9c3e.jpg

Сәлеметсіздерме, АНА бол сайты! Бізге көкейімізде жүрген сұрақты қойып, оған жауап алуға мүмкіншілік беріп отырғандарыңыз үшін рахмет! Заңгер ханымға да ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар, көптен ойымда жүрген сауалым бар еді. Құрбымның жолдасы сотталған, әлі түрмеде, ол ажырасқысы келеді, алайда, әлі де бір шешімге келе алмай жүр. Сот рұқсат береді ме екен деген сұрақ туындайды.

Малика Успанова

 

Гаухар Айтжанова, заңгер

Соттар бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстi қарағанда, оларға белгiленген жаза мөлшерiне қарамастан, бұл iстер сот қарастылығына жататын жағдайда (мысалы, мүлiктiк талап қойылған кезде), сотқа қарастылығы туралы жалпы ережелердi сақтай отырып, қарайтынын ескеруi керек. Егерде бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап арыз АIЖК-нiң 31-бабына сәйкес өндiрiске қабылданса, онда көрсетiлген тұлғаның сотталғанға дейiн соңғы тұрған мекен жайын ескеру қажет. Себебі, сот қарастылығына жататын жағдайға сәйкес мүлкiнiң тұрған жерi немесе соңғы кездегi белгiлi мекен-жайы бойынша (АIЖК-нің 32-бабының 1-тармағы) берiледi және мәнiсi бойынша қаралуы тиiс.

 

 










Дереккөз : anabol.kz

Жұмыс істейтін жүкті әйел құқығы
Жігітті бірден баурап алу (Псиxолог кеңесі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу