Жалғыздық қорқынышынан қалай құтылуға болады?

Oinet.kz 22-04-2019 1248

image_l (58).jpg

Жалғыздық сезімі кез келген адамның бойында болуы мүмкін. Ең бастысы осы сезімнен арыла білу. Жалғыздық қорқынышы келесі себептерден пайда болады: Бала кезінде ата-ананың көңіл бөлмеуі; Жасөспірім кезінде қолдаудың болмауы; Жұмысбастылық себебінен достармен араласатын уақыттың болмауы; Сенімсіздік пен өзі туралы пікірінің төмен болуы; Қарым-қатынастағы қолайсыздықтар;  

Жалғыздық қорқынышы неден көрінеді? 1. Айналасына пайдасыз екенін сезіну, әсіресе көмек пен қолдау сұрайтын адамның болмауы; 2. Өз күші мен мүмкіндігіне деген сенім болмағандықтан өзі туралы пікірінің төмендеуі. Бұл өзгелерге сенуді қиындатады; 3. Күмән мен күдікке бой алдыру; 4. Өмірлік шешім қабылдайтын кезде өзгелердің пікіріне тәуелділік; Жалғыздық қорқынышынан құтылу үшін не істеу керек? Айналаңыздағы адамдардан оқшауланып, тұйықталудың қажеті жоқ. Достарыңызбен, туыстарыңызбен, әріптестеріңізбен бірге уақыт өткізу сенімділігіңізді арттыруға көмектесуі мүмкін. Егер олар көмектесе алмаса психологқа жүгіну қажет.  reactor.inform.kz
Дереккөз: massaget.kz

Әйелмен түсінісудің тәсілдері
Slime ойыншығы бала денсаулығына қауіпсіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу