30 жылдыққа – 30 қойылым тарту етілуде

Oinet.kz 26-11-2021 750

Screenshot_6.jpg

Биыл Қазақстан республикасының Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды. Осы 30 жылда Қазақстан көптеген биік белестерді бағындырып, әлем елдері алдында өзіндік орнын айқындап үлгерді. 30 жыл ішінде Қазақстанда үш мегаполис пайда болды. Соның бірі - Шымкент қаласы. Шымкент қаласында тәуелсіздік жылдары көптеген кәсіпорындар ашылып, түрлі халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтті. Бірер жыл бұрын Шымкент - ТМД елдерінің мәдени астанасы да болды. Яғни Шымкентте мәдениет саласы жоғары деңгейде дамып, өзге қала, республикаларға үлгі бола білуде.

Қала халқының мәдениетін одан әрмен қарай дамыту мақсатында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «30 жылдыққа – 30 қойылым» акциясы аясында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында  «Тәуелсіздік – тірегім» атты қуыршақтар концерті театрда сахналанды. 

Қуыршақ концерттік бағдарламасының тәлімдік, патриоттық және идеологиялық жағынан рөлі жоғары.

Қоюшы режиссеры М.Малдыбаева мен  суретші Е.Айдаровпен бірге ұйымдастырылған қойылымда, декорация мен костюмдер эскиздері көпшіліктің көңілінен шықты.  Сондай-ақ, концерттік бағдарлама кезінде қуыршақ персонаждары қолданылды. 

Айта кетейік, қойылым апта күндері ішінде қайта сахналанатын болады.

Шымкентте Тұңғыш Президент күні аталып өтті
72 жастағы ішкі істер ардагері алтыдағы немересін зорлаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу