Некесіз туған бала шежіреге ене ме?

Oinet.kz 27-05-2022 2664

Қазір қоғамда некесіз туған балалар өте көп. Оның себебі де әрқилы.

Screenshot_2.jpg

Жақында бір танысым «Екінші әйелден туған бала шежіреге кірмей қала бере ме? Бала өскесін әке мұрасымен таласуға құқы жоқ па?» деген сұрақтар қойды. 

Әрине, біздің қоғамның тоқал тақырыбына келгенде пікірі қақ жарылады. Бірақ әр ситуацияның қаншалықты ашық және жабық көрініс табуына байланысты бұл сұрақтардың жауабы да әрқалай болатын секілді. Мысалы, ер адам екінші әйелін елден жасырмай, онымен де толыққанды отбасы құрып отқан болса, ортадағы баланың болашағын аса уайымдаудың қажеті жоқ. «Абай мен Шоқан да тоқалдан туған» деп шежіреге де еніп, мұраға да таласып өмір сүре береді. Ал сол ер адам екінші отбасын ел тұрмақ, өз көлеңкесінен жасырып өмір сүретін болса, ортадағы баланың тағдыр тәлейі екіталай.

Көзбен көріп жүрміз ғой, қоғамда жауапкершіліктен жұрдай ер азаматтар жетерлік. Екінші отбасының барын біріншісі білмейді көбінің. Сол екінші отбасында туып жатқан бір емес бірнеше перзенттің төлқұжатындағы тегі мен әкесінің аты бос тұрады. Ал бұл некесіз туған баланы шежіреге кіргізуге үлкен тосқауыл болып табылса керек. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» дейді. Некесіз баланың көбеюі, жетесіз ұрпақтың ұлғаюына ұласып кетпей ме?


Хрущевтің немересі Украина мен Ресей арасындағы соғыс немен бітетінін айтты
Өзгелерге тәуелсіздік сұрап, өз еліміздегі «ұйықтап» жатқан «шұбар жыландарды» оятып алмайық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу