Қазақстанда әзілкеш-вайнерлер - саясаткер һәм Президент бола ала ма?

Screenshot_7.jpg

Көрнекі фото

Əр секунд сайын жаңалықтың неше түрін оқып жатамыз. Əлеуметтік желіні шулатып,халықтың назарын аудартатын жаңалықтар бар. Соңғы екі ай көлемінде əлі өзегін жоғалтпаған оқиғалар бар. Сол оқиғалардың ішінен өзектісін қарастырсақ. 

Украинаның президент сайлауы. Владимир Зеленскийдің ресми түрде Украина президенті атануы. Бұл сайлау жалғыз Азия мен Еуропаны ғана емес,əлем назарын аудартты. Осы орайда ойымызда сансыз сауалдар  туындайды. Актер,шоумен бүтіндей бір елді қалай басқармақ? Ол халықтың жай-күйін,ондағы проблемаларды шеше ала ма? Сұрақ көп,жауап жоқ. 

Украиндықтар сайлау жайлы: бұл саяси ойын десе, басқалары Зеленский халықтан шыққан адам болғаннан кейін халықтың əлеуметтік жағдайынан хабардар нағыз халықты ойлайтын жан деп қызу пікірталас үстінде. Украина халқы билік өкілдерін саясатқа қатысы жоқ болғанын қалайды. Мысалы, әртістер немесе әншілер - жалпы алғанда шоу-бизнестегі адамдар.  Бұл жаһандық үрдіс. Мұның себебі - демократия өкілдігінің дағдарысы.  Саяси талдаушы Валентин Гладкихтің айтуынша, азаматтар өздері таңдаған билік органдарынан қажетті қорғауды сезбейді.

Саясаткерлер қарапайым адамдардың мүддесін түсініп, оларды қорғауды тоқтатты. Халық саясаткерлер халықтың проблемаларын шешеді дегенге сенбейді. Осы себептен украиндықтардың басым бөлігі Зеленскийді лайық деп көрді. Жалпы Зеленский əлем тарихындағы жалғыз,шоумен болған президент емес. Одан бөлек бірталай экс-президенттерді мысалға келтіруге болады. Рональд Рейган өз заманында 54 көркемфильге түскен. АҚШ-тың 40 шы президенті.

1980 жылдан бастап Ақ үйдің иесі ретінде АҚШ үшін біршама игі істер атқарды десек болады. Ол «Reaganomics» деп аталатын салықты төмендетуге бағытталған экономикалық саясатты жүргізе бастады, сондай-ақ  Кеңес Одағына белсенді қарсылық саясатын жүргізді.  

1988 жылы кеңестік-американдық қарым-қатынастарды жақсартудан кейін Рейган Кеңес Одағын «зұлым империя» деп қарастырмайтынын және бейбітшілік үшін Мәскеумен диалог жүргізу ниетін білдірді.  Америка Құрама Штаттары мен Кеңес Одағы арасында қару-жарақ жарыстарын тиімді түрде аяқтаған орта және қысқа мерзімді зымырандарды (ИНФ) орналастыру туралы шартқа қол қойды. Өз президентік өкілеттігінде АҚШ үшін біршама жұмыстар атқарды. Тағы бір ерекше мысал, италияндық атақты əзілкеш,актер Джузеппе Пьеррот Грильо. Ол 2009 жылы адалдық пен тікелей демократия идеалдарына сенетін адамдарды біріктіру үшін «Бес жұлдызды наразылық» саяси қозғалысының негізін қалады.  Негізгі қағидалар - халық таңдаған саясаткерлер өз мүдделеріне емес, елде және қысқа мерзімде ғана жұмыс істеуге тиіс.

Партия тез танымал болды және саяси күресте елеулі табыстарға қол жеткізді. 2013 жылы парламент сайлауында партиясы өте жоғары қарқынмен - 25% -дан жоғары үшінші орынға ие болды. 2018 жылы «Бес жұлдыздар қозғалысы» 31% дауысқа ие болып, парламенттік сайлауды жеңді. Сонымен қатар, Грилло - әлемдегі ең ықпалды блогерлердің бірі. 

Айта берсек мысал келтіретін көп адамдар бар. Енді өзімізге оралсақ. Билік басына актер адам отырса Қазақстанның болашағын елестетіп көріңізші? Украинадағы президенттік сайлау Қазақстанды айналып өтпеді деуге келмес. Зеленский жеңіске жеткен соң, ел арасында Н.Қоянбаев президенттікке өз кандидатын ұсынады деген қауесет шыға бастады. Əрине, бұл жалған мəлімет еді. Бірақ бір сəт бұл мəліметті шын деп қабылдап көрейікші. Қазақстан тарихында болмаған жағдай болар еді. Елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайы мен əлеуетін жақсарта ала ма деген сұрақ туындайды. 

Жақында Ютуб желісінде “Егер Қазақстан басшысы актер болса?” видеожазба шыққан болатын. Видеожазбада Қазақстанға танымал деген үш актерді кандидатыққа алған. Кандидаттар Тұрсынбек Қабатов, Мейіржан Төребаев, Нұртас Адамбай. Аталған үш актер Қазақстанға танымал адамдар. Халық оларды өткір əзілдерімен қоса елдің көкейінде жүрген мəселерді жəне билік басындағы олқылықтарды əзілмен,астарлап тіпті ашығынан жеткізетіні үшін сүйіп көреді. Расында осы үштіктің ішінде қай актер президенттікке кандидат бола алады? Бұл жай ғана халық топшалаған болжамдар ғана. Алайда сол болжамдардың орындалмасына кім кепілдік бере алады? Əзілкештер ел басқара ала ма? Бәрі уақыт еншісінде. 

Ұлпан Әбдірахманова,

ХҚТУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің 2 курс студенті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қош бол, қызыл империя - КСРО!
  • Азаттықтың таңы болған - Желтоқсан
  • Мұрат Жұрынов - Қазақстан ғылымының құрылысшысы
  • Инвесторлар шет елден келіп жатыр. Ал ауылдың ауқаттылары тойханасымен танымал
  • Кентаулық ұстаз президенттің қолынан медаль алды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика