Шымкенттегі қарттар үйіндегі ахуал қандай?

Oinet.kz 24-05-2019 3362

Screenshot_5.jpg

Көрнекі фото

Қазақ халқы ежелден-ақ үлкенге құрмет көрсетіп,қарттарын сыйлап келген. Тіпті әкесі отырып,баласы сөйлемеген.Қазақ халқының ата салт-дәстүрінде де қарияларға үлкен мән берілген. Дастарханға бас тартылса әкесі бар бала басқа жармаспаған. Міне,тәлім-тәрбие отбасынан бастау алатындығына дәлел болса керек.

“Қатты бар үйдің қазынасы бар"деген.Алайда,қазіргі мына заманда бұл сөздің мағынасын жоғалтып алған сияқты. Себебі,не дейсіз бе? Өз әке-шешесін үйінен бездіріп,жүректері сыздамай қарттар үйіне өткізетін қаншама балалар бар.

Ертеректе қазақта қарттар үйі деген ұғым жоқ еді. Жаман әдет жұққыш келеді. Батыстан басталған бұл үрдіс бізге де жетті. "Атам қайда?" десе қарттар үйінде дейтін ұрпақтар өсіп келуде. Қарттар үйі кейбір ата-әжелер үшін қара шаңыраққа айналып барады. Қаншама қариялар осы мемлекеттік мекемені паналауда. Бейнеттің зейнетін көріп,ақыл айтып отырар шағында өз балалары қарттар үйіне өткізуде.

Ертеректе қартын қазынаға,ақсақалын абызға теңеген текті елдің ұрпағы қазір осы жағдайға баруда. Сонда біздің тектілігіміз қайда қалды? Осының бәрі түптеп келгенде имансыздықтың белгісі. Қартайғанда қарттар үйін мекендеген қариялар әр таңына үміттене қарап "ұлым мені қашан алып кетеді,қашан немеремнің маңдайынан иіскеймін?" деген оймен жүреді. Қауқары кетіп,жасы келген адамдарға бұл үлкен соққы. Олардың қазіргі жағдайға түсуі әлсіздігі немесе дәрменсіздігі емес. Бұған безбүйрек ұлы мен қатыгез келіні себеп болып жатады. Қарттығын қарттар үйінде өткізіп жатқан қариялардың арманы балаларының қолында, өзінің қара шаңырағында,немерелерінің ортасында отыру. Жетімін жылатпаған,жесірін қаңғытпаған қарттар үйі текті қазағыма қайдан келді? Ата-анасын бағудан бас тартқан безбүйрек балалар неге көбеюде?

Ата-әже институтының бала тәрбиесіндегі орнын алмастыратын қайнар әлі ойлап табылған жоқ. Қарт бар жерде береке бар. Қарт бар жерде тоқтау бар. Олар айтатын ақылдың құны ерек,олар көрсететін  жолдың жөні басқа.


Осы мақсатта Шымкент қаласындағы Қарттар және мүгедектер үйіне барған болатынбыз. Көкейдегі сұрақтарымызға мекеменің заңгері Фатима Орынбасарқызымен  болған сұхбатта жауап алдық.

- Осында қарттардың  әлеуметтік жағдайлары қандай?

- Біздің әлеуметтік қызмет орталығына қарт кісілер мен 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар келіп түседі.Денсаулықтарына немесе қарт жастарына байланысты әлеуметтік қызметке мұқтаж болғандықтан паналайды.

- Қарттар жатар орынмен,ішер  тамақпен толық қамтамассыз етілген бе? Күніне неше рет тамақтанады?

- Министрлік әлеуметтік қорғау органдарының нөмері 165 бұйрығымен бекітілген.Стандартқа сай күніне  4 (төрт)мезгіл тамақтанады.Атап айтсам,таңғы ас,түскі ас,берсін ас,кешкі ас.Жыл мезгіліне байланысты мәзірде  ауысады.Сүт өнімдері,ет,балық,тауық еті,көкөністер,жеміс-жидектермен құнарлы да тойымды тамақтармен толық қамтамассыз етілген. 

- Жылына осы мекемені паналауға қанша  қариялар келеді.

- Әр жылда,әр түрлі болады.Орта есеппен бұрындары шамамен, 30-40 адам болса қазіргі уақытта 15-20 адам едәуір түсті.Бұл тараптан азайып жатыр.

- Қалай ойлайсыз, олар мұндай жағдайға қалай жетті?Көбіне қандай себеппен келеді?

- Бізге орталыққа құжаттармен рәсімделген кезде ешкімі жоқ,жалғыз басты болып келеді.Біз олармен сөйлесіп,психолог тығыз жұмыс жасайды.Психологиялық тренинг,семинарлар сабақтарынан өткізу арқылы,қариялардың басынан өткізген жағдаймен таныс болады.Біраз әйел қарттарымыз кезінде отбасы құрмаған немесе құрсақ көтеріп,перзент сүймеген.Сондықтан ешкімі болмағандықтан орталыққа келуге мәжбүр 

- Мұнда қарттардың көңілдерін аулау үшін не?қандай? іс-шара жасалынады.Олар айналысатын спорттық ойындар бар ма?Болмаса мерекелік концерттер жиі қойылып тұра ма?

- Біздің мекемеде көптеген іс-шаралар өтеді.Бұдан бөлек күнделікті әлеуметтік мәдени іс-шара көрсететін қызметкерлер бар,яғни түрлі үйірмелер жұмыс жасайды.Мекеме ішінде ұйымдастырылған ансамбл бар,бірі домбырада,бірі қобызда,ал екіншісі гормонда ойнайды.Сырттан да мектеп оқушылары,жоғарғы оқу орындарының студенттері және мәдениет сапасының қызметкерлері  де келіп көңілді кеш сыйлайды. АКТ залында кино көрсетілсе,караокемен ән шырқауға да болады.Апта сайын өздерінің арасынан .концерт ұйымдастырылады.

- Республика  бойынша  жыл сайын  қарттар үйі азайып жатыр ма?

- Республика бойынша қарттар үйі азайып жатыр.Себебі,қарттар үйінен шығып,өз шаңырақтарына оралып жатқандар да бар.Бұл жақсы көрсеткіш.

- Мекемеде басқа ұлттардың үлесі қанша?

- Біздің мекемені паналаған жандар көп.Соның ішінде ең басым ұлттардың бірі-орыс.Неге орыс дейсіз бе?!Себебі,орыс ұлтының көбісі Ресей немесе Германия сынды елдерге ұл-қыздары қоныс аударғандықтан,жалғыздың күнін кешпес үшін  құжаттармен бірге бізге келеді.


Қарттар үйін аралап жүріп,қарттардың жағдайын көріп жүргенімізде алдымыздан Есенюекова Зәуре Пердебекқызы мен жолығып қалдық. Ол кісінің жағдайымен танысып,әңгімеге тарттық.

- Қарттар үйіне қашан келдіңіз?

-2013 жылы 20 тамыз күні келдім

- Қай жақтың тумасысыз?

-Түлкібас ауданының тумасымын

- Бұл жаққа қандай себеппен келдіңіз?

- Мен өзім перзент сүймедім,болмағанан соң ажырастым. Араға уақыт салып екінші рет қайта тұрмыс құрдым.Отбасылы еркекпен көңіл жарастырдым.Ол кісімен он бір жыл бірге болдым.Кейіннен ол жақ мені сыйғыздырмады,соған амалсыз осында келдім.

- Сізге орталықтың қызмет көрсетуі,қызметкерлер көңіліңізден шығады ма?

- Әрине,бұл жақ бізге жайлы,ұнайды.

Сұхбаттасқан Қарлығаш Мырзабек, 

ХҚТУ 2 курс студенті

Қоқыс - глобалды мәселе
Қазақстанда әзілкеш-вайнерлер - саясаткер һәм Президент бола ала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу