Сматай қобызшы

A-5809558-1518851102-9534.jpeg.jpg

«Сматай, сенiң сахнадагы кейпiң бас ие бермес 

қазанатқа көп жақын. Менiң қобыз туралы үлкен

 шыгармашыяыққа бұрылуыма, бәлкiм

 сен себепкер боларсың...»

(Тәкен ӘЛIМҚҰЛОВ)

Iшегiне ысқыш тиер-тиместен боздап қоя беретiн қазақтын қара қобызын бүтiн әлем таныды. Қазақ халқының басына түскен қайғы-қасiрет атаулы жер бетiн күңiрентiп келiп, қобыздын шанағынан мәңгiлiк шыңырау тапты. Қорқыттан жеткен қоңыр қобыздын содан берi көмейi күңiренiп, шанаңы шыңғырып, қияғы боздап, шерiңдi қозғаумен келедi. Бiр нүктеден тоқсан түрлi үн шығаратын қобыз ие тандайды. Киесi сол иесiне таңдап жүрiп қонады. Ықыластын бойындағы қасиет ұлы Жамбылбекке ауған, одан дала кезген зар бiртуар қобызшылар Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаевтың бармағына бұйырды. Қорқыттағы «Жетi кептi» сезiнiп, жоғарыдағы қос тұлғаның мектебiн көрген қобызшы Сматай Үмбетбаев туралы әнгiме мүлде болек. Қазiр қобыз ойнайтындар көп, қобыз қонғандар кемде-кем. Сондай көзi тiрi бiрегей қобызшы, осы – Сматай.

...Алтыдан жетiге карай аяқ басқан Сматай тiптi үлкен ұрлыкы дүниелерге жауырын ашатын болды. Түнеу күнi Жаңа-Арқа жақтан жоқ iздей келген кiсiнiң бес қарасы Сматайдың жауырынынан табылды. Көлiгi қолды болған алыс-жақын ауылдағы адамдар да ауланы тоздырып, бұйымтай айтумен жүр. Айлакерлерге 60 мың сом ақшасын алдырған есепшi де қақпа алдынан қайтпай қойған соң, ерiксiз жауырын қарауға тура келдi. Суық қолдыларды жауырын жазбай таныды. Тiптi, жауырыншы балаға алыс аймақтардан ағыла бастады. Адамдар аулаға сыймай, азан-қазан болған кездер де аз емес. Осындай көптiң меселiн қайтармай жүрген көп күннiң бiрiнде Сматайдың өзiне қауiп төнсiн. Ұрлықтары ашылып қалатын қарақшылар жауырыншы баланың көзiн жоймақ көрiнедi. Өзiне ашқан қара қойдың сүйегi осылай сөйледi. Сматайдың әкесi Мұқаметжаннан да маза кеттi. Ауылдағы жөн бiлетiн абыз-қарияларды жинап, баланы жауырыннан айырмақ. Жауырын қайтару әсте оңай шаруа емес, дегенмен баланы ортаға оңашалап алған ақсақалдар бар өнерлерiн салды. Ақыры жауырыннан аластатылған Сматай жерге сұлық құлады. Содан он екi күн бойы төсек тартып қатты ауырған. Ақыры жасырын жауырын ашып, өзiне ем iздедi. Жауырынға түскен қан тамыр секiлдi иректелген iздер, «қобыз» деген сөздi түзiп шықты. Алдына бiр қара салып, жетегiне бiр жылқы алып Мұқаметжан шал айтулы шеберге барып қобыз шаптырып әкелiп, қасиетi бар аспапты баласының қолына ұстатты. Сматайға қобыз осылай қонған.

Сматай кейiн келе түзу мылтық, құмай тазы, құс салуға құмар болды. Арқадағы айтулы аңшылар – Сатан мен Арқабайдың қызылшысы болып жүрiп, мерген бала атанды. Сатан жауырыны жерге тимеген палуан әрi құралайды көзге атқан мерген, оның жанында анау-мынау салпаңбайлар қызылшы болып жүре де алмайды. Осындай аңшылардың мылтығын оқтап, шылбырын ұстап жүрген Сматай кейiн өзi Бетпақдаладағы үйiр-үйiр қасқырды қан қақсатқан айтулы аңшыға айналды. Киiкке тиген қасқырды алып түсудiң неше түрлi әдiсiн меңгердi. Қасқырлардың киiктерге шабуылдайтын белгiлi «үш көму» әдiсiн әлденеше рет тоқтатқан Сматай, қалта-қақпан құрудың да нағыз шеберi. Құмай тазы жүгiртуден де бiр басына жететiн өнерi бар. Әкесiнiң он сегiз қасқыр алған ақ тазысын еске алған Сматай бүгiнде қазақтың шаян құйрық тазылары азайып кеткенiне өкiндi. «Қазiргi тазы деп жүрген сидаң бұттарың Ресейдiкiмен шатыс болып кеткен» деп бiр тоқтады.

Құс салу туралы да айтары мол Сматай бидайықты айрықша құрметтейдi. Қырғи, ителгi, сұңқар, бүркiттерден гөрi қорғасындай шағын бидайықтың аңға түсу сәтi де өзгеше екен. Құс атаулыныц iшiнде жанары отты келетiн, қарашығына адам атаулы қадалып қарай алмайтын, бұл – бидайық екен. Мiне осындай құмарлыққа жақын болған Сматай айтулы аңшы да болған.

Сматайдың жас күнiнде ауыл жақта Бұралқы деген шешен, әкесінің туған ағасы Қасен есiмдi көп бiлетiн кiсiлер болыпты. Сол ағалардан Қорқыт туралы, Ықылас жөнiнде көп естiген. Ықылас сал-серiлiктi ұнатқан жан екен. Бұралқы сол Ықыластың қырық жiгiтiнiң бiрi болған адам. Арқа жақта «Мұңлы-Қулы» деген тау бар, сол тауда кызыл Алтай түлкi өте көп болады. Сол тауда Ықандар құс салып, тазы жүгiрткен. Небiр ұста, әншi, күйшi, палуандарымен Бестау, Ортау, Мұңлы-Қулы, Кенжебай-Самай, Қаракөл, Бозкөл, Қақпаншы, Толағай, Көмек, Қыземшек тауларын Ықылас түгел жайлаған. Сондағы Ықыластын қобызды калай боздатқанын, аузынан қандай уәлi сөздер шыққанын Қасендер Сматайға сан мәрте айтқан. Бала Сматай соларды естiп өстi. Ол сайын далада саз ойнатқан дала академиктерiнен тәлiм алды. Әйгiлi Сыр бойындағы ұлы зағип қобызшы Нышаның сарынын сезiндi. Сонымен қатар сол абыздардан шешендiк өнердi де бойына сiңірді.

Кейiн Сматай қобызшыны қой бағып жүрген жерінен Еркеғали Рахмадиев Алматыға алдырды. Алғаш жағдайы аса мәз болмаған соң ауылға қашып кеткен кездер де болды, екiншi рет кем-кетiгiн толтырып тағы алдырды, әйгілі қобызшы осы қалада солай қалды.

Ол Алматыға соң консерваторияда бiлiм алды. Бах, Моцарттардың классикалық симфонияларын тыңдады. Керемет! Алайда қобызда орындалатын күйлер олардан бір де кемес. Алайда ақжағалылардың қобыздың орнын батыс аспатарымен ауыстырып қойғаны Сматайға мүлде ұнамады. Әйтпесе, қыл қобыздан скрипканың еш артмықтығы жок... 

Қазақ елiнде қобызды кайта түлеткен Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаев. Сол даңқты Дәулет Алматыға келгеннен кейiн Үмбетбаевқа ұстаз болды. Сондай-ақ, Сарымұқан Бабасұлынан, Төбел Басықарадан мол тәлім алды. Кейiнгiсi қобыз бен домбыраны ойнайтын бесаспап ұстаз. Қорқыттын күйлерiн, «Аққуды» сол    кiсiлерден үйренген. Бабастың Сарымұқаны Сматайға арнайы қобыз сыйлаған. Бүгiндерi ол кiсiлердiн бәрi де бақилық болды.

Ендi қобыздың жасалуы туралы аз-кем әңгіме. Жалпы Сматай қобызды өзі шабады. Қобызға анау-мынау ағаштар жарамайды, сондай-ақ iшекке керек қылды да таңдай бiлу керек. 

«Дәл қазір қобызға жарайтын қыл некен-саяқ, – деп қалды көңіл ауаны келіспесе маңына адам жуытпайтын тәкаппар қобызшы. - Себебi, бүгiндерi көп жылқылар көтерем. Бiр жолы мен жылқынын қылын таппай, Мәскеу жаққа да барғам. Марий АССР-інде бiр Дон жылқысының құйрығына көзiм түсiп, иесіне жалынып-жалпайып ақысын төлеп қырқып алғам. Ол екi жылға жетті.  Сонымен  бiрге қобызға түйенің терiсiнен басқа тері жарамайды. Қобызға керектi түйенің терісін, iшегiн алу    үшiн Алматының ет комбинаттарын кезiп кеткен кездер де болды. Мен осы қобызға түбегейлі бетбұрыс жасадым. Өмiрiм қобыз үнiмен әлдеқашан бiте қайнасып кеткен».

***

Қазақ этнографиясының ерен тұлғасы Өзбекәлі Жәнiбеков Сматайды айырықша құрметтедi. Өзекеңнiң ықпалымен Сматай замана желімен шетке ысырылып қалған сазген, нарқобыз секiлдi ұлттық аспаптарды қазақ халқына кайта табыс етті. Үлкен күшпен сахнаға шығарылған нарқобыз, сазген аспаптары кейiн Өзекеңнiн дәуренi өткен соң қайтадан қалтарыста қалып койды. Сматайдын өз қолымен жасаған сазгенi казiргi күнi Ықылыс атынағы халық аспаптар мұражайында тұр.

«Адамның тiрексiз қалуы, домбыранын тиексiз қалғанындай болады екен» дейдi Сматай аға. Өзбекәлi Сматайға ауылдан келгеннен бастап ағалық қамқорын аямай, ақыл-кеңесiн берiп жүрдi. «Ұлық болсаң – кiшiк болдың» көрiнiсi осы болса керек. Сол Өзекең төсек тартып ауырып жатқанда Сматай көңіл сұрай барады. Әңгiмелеседi, сәл үнсiздiктен кейiн Өзекең:

- Смаш, еңбегің еленіп жүр ме? Атағыңды берген болар, - дейдi. Сматайда үн жоқ. Бәрін айтпай түсінген Өз-ағаң ауыр күрсiнiп тұрып: - Бұл жұрт атақ-даңқтың жолында бәрін таптап кете береді. Өзім де жазылып шығып қалармын, содан соң бәрін орнына қойып берем. Мендей таланттардың өмірін бұзуға болмайды, - деген. Алайда Өз-ағаң содан оңала алмады. Одан кейін Сматай елеусіз қала берді. Iрi таланттар табанға тапталуға ешқашан жол бермейді. Сұқ көздердің табасына қалмас үшiн Сматай Үмбетбаев қара қобызын қолтығына қысып бiр-ақ күнде өнер өлкесінен кетіп қалды.

Бiрде жазушы Әбiш Кекiлбаев шетелден келген қонақтарға қазақтың ұлттық қасиеттi аспабын көрсетудi мақсат тұтады. Көңiлi қобызга ауыпты. Аспапқа сай ойнайтын адамы болуы керек. Көрнекті қаламгер Сматайды арнайы алдыртады. Сол күнгi Сматай қобызының зарынан әлгi шекара асып келген қонақтар күнi бүгiнге дейiн арыла алмай жүрген көрінеді. Италия, Франция, Португалия, Чехословакия, Үндістан, Жапония, Польша, Алмания елдерiнiң сахнасында Сматай сан рет қобыз шалды. Бiрде Жапониядағы бүкiләлемдiк фестивальға Қайрат Байбосынов, Қапаш Құлышева, Сматай Үмбетбаев, басқа да бiраз өнер иелерi барады. Сондағы Сматайдын өнерiне айрықша тәнтi болған жапондар, қазақ қобызын 50 мың АҚШ долларына сатып алмақшы болады. Қайрат, Қапаш, Сматай үшеуi ақылдаса келе қобызды саудаға салмай, Қазақстанға алып кеткен.

Ал Италия сапарында сол елдiң музыка зерттеушiсi Сматайға «Қасқырдың ұлуын», «Аққуды», «Жезкиiктi» бірнеше қайтара тартуын өтініп, ақыры таспаға түсiрiп алыпты. Тіпті Периней түбегінің өкілдері Сматай Үмбетбаевтын аты-жөнiн, мекен-жайын жазып алып қалыпты. Мақсаттары – Италияның ұлы музыканты Паганинидiң тойына Қазақстаннан Сматайды арнайы шакырмақ көрiнедi.

54 жасты еңсерген Сматай қобызшының бар байлығын бүгiнгi ұрпақтың санасына сiңiрiп қалу керек-ақ. Алайда бiз өнер иесiнiң есiмiн де ескерусiз қалдырып жүрмiз. Алматынын шығысындағы «Татаркаға» қаңтарылып қалған Сматай iштегi шерiмен арпалысып әуре. Ара-тұра консерваториядағы студенттер қобызшының үйіне арнайы келiп сабақ алып кетедi. Олар кеткен соң ескі тіршілігіне қайта кiрiседi. Тiрлiгi сол – үй салу. Жалғыздың ісі өнген бе? Төрт-бес жылдан берi тырбанып бiр баспанасын бiтiре алмай әлек. Шаршауды қобыз шанағынан іздейді.

Шығармашылыққа жағдайы келгенiнше мойын бұрып жүр. Қорқыттың Нышан кобызшы арқылы жеткен жетi күйiн қайта жаңғырту ойында.

Қобыз сыныбына қайта оралып, шәкiрт дайындау ойында.

Қобыз шығармашылығын ғылыми негiзге түсiру ойында.

...Сматай қара қобызын боздатып Қорқыттың күйiн шалып отыр. Құйқаны шымырлатар құдiреттi үн Сматайды басқа әлемге алып кеткендей. Қос қарашығы жұмулы. Көрші ауладағы бақшасын суғарып жүрген орыс кемпiр де бар тiрлiгiн жиып қойып мәңгiлiк мұңлы мақамға ұйып қалыпты. Бір кезде жарты әлемді жалт қаратқан таланттың жалғыз көрерменi сол бір кейуана болғаны ма?...

...Ол дүниеден баз кешiп, бойын құса билеген сәтте бiр кездегi жауырыны есiне түседi. Марқұм әкесiнiң қалың қарияларды шақырып жауырыннан қайырғанын да ұмытып, қара қойды алып ұрып буы бұрқыраған жаңа жауырынмен өзiнiң болашағын болжағысы келедi...

Президенттік сайлау?а ?атысатын кандидатты? беделі болуы тиіс – Мехмет Эрол

Жанарбек ӘШІМЖАН

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас кәсіпкерлерге сертификаттар табыс етілді
  • Жол сапасы сарапталды
  • «Алтын күз» шарасы жәрмеңкеден бастау алды
  • Көп балалы ана кәсібін дөңгелетіп отыр
  • «Жастар жылында» жас кәсіпкерлерге қолдау көп
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика