Мемлекетке масыл болатын ұрпақтан сақтанайық

Oinet.kz 20-06-2023 281

Жеті атаға дейін қыз алыспаған, жылқыны бас білдіріп алғаш ерттеген, жер шарында тоғызыншы орынды алатын ұлан байтақ жерді иемденген, сол сайын даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен анталаған жаудан аман сақтаған қазақтың рухы, тектілігі бір басына жетіп артылады.

Screenshot_20230630_095801_Chrome.jpg

Десек те, патшалық Ресейге бодан болған жылдары коммунистік жүйе ұлттық құндылықтарды құртып, ұлт көсемдерін қырып, қазақ өз тілінде сөйлеуге арланатын заман тудырды. Енді, Тәуелсіз қазақ елінің ұлттық ынтымақтастық рухы қайта оянған, қайта жанданған кезі екенін мақтана айта аламыз.

 Жалпы, патерналистік және масылдық көңіл-күйді азайту еліміздің дамуына оң ықпал етеді. Қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру арқылы бірлігі жарасқан, керегесі бекем мемлекет құра аламыз. Барлық азаматтардың өзара сыйластық және теңдік құндылықтарын жалғастыру және бекіту жайлы Саясаттанушы, тарих ғылымдарының профессоры Сәкен Мәжінбековтің  пікірін тыңдадық. Ол өз сөзінде «Ұлт ең алдымен өз қадірін білмесе ешқандай алға жылжу болмайды. Егемендік алған жылдары Жапон ғалымдары қазақты зерттеген кезде, өздерін өздері жоғалтқан ұлт деп баға берген. Сондықтан, ұлттық рухты оятып, қайта түлету – басты мақсат. Қазіргі таңда, бізге керегі – өз-өзімізді тану. Өз қадірімізді жете түсінуіміз керек. Біреуден үлгі алмай-ақ, кешегі батыр бабалардан үлгі алайық. Бірінші мәселе, өз-өзімізді тану және бағалау. Екінші мәселе ана тілімізде. Қазаққа иделды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Алашымыздың арыстары тіл туралы да тебіреніп айтып кетті. Солардың идеяларын жүзеге асырсақ та, еліміздің алар асуы биік болмақ. Осыны ескеруіміз керек. Бізге Тәуелсіздіктен артық байлық жоқ. Ұрпағымызды білім мен ғылымға баулып тәрбиелесек, мемлекетіміз күн сайын алға жылжиды. Бастысы, жалқау, мемлекетке масыл болатын ұрпақтан сақтанайық. Қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру – ұлттық идеологияның басты ұстанымы болуы керек» дейді.


Аналарды ардақтап, балаларды бақытты ету – басты міндетіміз
Жаңа Қазақстанды патриот жастар құрайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу