Басты байлық - білім мен еңбек

Oinet.kz 01-06-2023 217

Қоғамға, мемлекетке масыл болып, өзі еңбек етпей-ақ жарқын болашақты аңсайтындар жетерлік. Бұл туралы белгілі журналист, қоғам белсендісі Зәуре Оралбаева "Жаңа Қазақстан қандай болуы керек? Біріміз оған мән бермегенсіп жүрміз. Екіншіміз расында мән беріп жүрген жоқпыз. Үшіншімізге өзгерістің  қажеті де жоқ. 

Screenshot_8.jpg

Мен «Жаңа Қазақстанды» жоба деп қарастырғым келеді. Енді бізге осы жобаны іске асыратын нақты механизм керек. Ол жан-жақты талдауды, нақтылауды қажет ететіндігі сөзсіз. «Жарқын болашақ  басталғанға дейін қызықты» деген сөз бар. Сол қызықшылық деңгейінде қалып, бұл жолы аспаннан молшылық үйіліп-төгіледі деп қабылдасақ қателесеміз.  

Басты байлық – білім, өзімізді қуаттандыратын тек еңбек, ащы тер екенін уақыт аңғартып берді. 

Ал енді «Жаңа Қазақстан» жобасын іске асыруда ұлттық мүдде бірінші тұруы керек. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, білім, мәселелері мен ұлттық-этникалық проблемалары. Жаңа Қазақстан жобасын жаңа қоғамға біз өзіміз айналдыруымыз керек. Біздің санамызда масылдық, енжарлық әлі де басым. Содан арылуымыз керек. Қоғамда қазақтың білімі, демографиялық жағдайы, өлімі-тууы, өмір жасының ұзақтығы, еңбекпен қамтылуы, қылмысқа қатыстылығы, көші-қон тағы да басқа факторлар негізге алынып, түбегейлі қарастырылуы керек. Әр азаматты еңбек етуге, кәсіпке ынталандыруға, еңбегін бағалауға бағыттайтын нақты жұмыс сапалы орындалса, көп көрсеткіш өздігінен жоғарылайды. Ойдан құрастырып, әуре болмаймыз. Бастысы Жаңа Қазақстанды құрамыз деген бос сөз бен құрғақ қиялмен қалып етпей, нақты істермен нәтижеге жету қажет. Бұл ретте еліміздің әрбір азаматы жауапкершілікті сезінсе екен деймін" деді.

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ
Қоғамда кез-келген азаматтың құқығы тең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу