«Джип мініп, мына дүние жалған дейтін имамдар»: Елге ақыл айтқан имамның басы дауға қалды

Oinet.kz 02-11-2023 4554

Байлық пен қанағат туралы сөз қозғаған Нұрсұлтан Рысмағанбетұлын көпшілік қатаң сынады. Имамның айтуынша, 70 мың теңгеге де отбасын асырап жүргендер жетерлік, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

"Адамның көп ақша табуы маңызды емес. Адамның ақшасында берекет бар ма, сол маңызды. 70 мың теңгеге отбасын асырап жатқандар бар. Сол ақшаға пәтер жалдап тұратындар да бар. Қанша болса да, ең төменгі жалақымен жұмыс істеп жатқандар бар. Оның үстіне баспанасыз болып жүргендер бар. Дәл сол сияқты адамдар бар. Бұл да, анау да өліп жатқан жоқ. Бірақ, ананың өмірінде берекет жоқ, мынау сол ақшаға қанағат қылып әдемі өмір сүріп жатыр. Ол мұсылман адам кедей болып өмір сүрсін деген сөз емес. Бірақ, бәрінің тағдырына бай болу жазылмаған", - дейді имам. 

Нұрсұлтан Рысмағанбетұлының бұл сөзі желі қолданушыларының шамына тиген.

"Мына кісі 70 мыңға күн көре ала ма екен", Джип мініп, мына дүние жалған дейтін имамдар", "Күлкім келеді, бәрін біліп отырып, қате сөйлеп жатыр", "Қызық осылар өздері 570 лексуспен жүреді, ал біздерге ең төменгі жалақыға шүкір етіңдер дейді", "Ойпырмай, тазша бала жолда қалады сенің қасыңда", - деп жазды олар. 

«Жастар Рухы» объявляет «войну» вандализму
«ҚМДБ-ның боққа да пайдасы жоқ ұйым, арамтамақтар армиясы»: Халық мүфтиятқа қарсы шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу