Қазақстандағы орыстар Ресейге көшуге құлықсыз

Oinet.kz 17-02-2026

Ресейдің отандастарды қоныстандыру мемлекеттік бағдарламасы соңғы 15 жылдағы ең төменгі нәтижені көрсетті, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

2025 жылы бұл бағдарлама аясында Ресейге 26,7 мың адам көшіп барған. Оның 35,5 пайызы – Қазақстаннан барғандар. Бұл көрсеткіш соңғы он бес жылдағы ең аз деңгей ретінде тіркелді.

Салыстырмалы түрде алғанда, 2022 жылы, яғни Украинадағы соғыс басталған кезеңде, Ресейге 64,8 мың адам қоныс аударған еді. Биылғы көрсеткіш одан да төмен болып отыр.

Сарапшылар көші-қон қарқынының бәсеңдеуін Ресейдегі экономикалық және саяси жағдайдың күрделенуімен байланыстырады. Сонымен қатар орыс тілінен тестілеу талаптары да әсер еткен. Мәліметке сәйкес, 6 мың өтініштің тек 2,5 мыңы ғана мақұлданған. Көптеген отбасы балаларын білім беру ұйымдарына орналастыру мәселесіне сенімсіздікпен қарайды.

ТМД елдері институты директорының орынбасары Александра Докучаева «Коммерсант» басылымына берген сұхбатында Ресейдегі өмір сүру жағдайы соңғы жылдары қиындағанын айтты. Оның сөзінше, экономикалық ахуал ауыр, саяси және сыртқы саясаттағы тұрақсыздық та адамдардың шешіміне ықпал етуде.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейден Қазақстанға көшіп келген кейбір отбасылар да қиындықтарға тап болған. Балаларды мектепке қабылдау кезінде орыс тілі бойынша тест нәтижесіне байланысты кедергілер туындаған. Осыдан кейін Ресейде бірқатар елдерден, оның ішінде Қазақстаннан баратын ерікті қоныс аударушылардың балаларын тестілеуден босату туралы ұсыныстар айтылды.

Шымкентте депутат төбелес шығарды
Министр Нағаспаев журналистерді менсінбегені ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу