Министр Нағаспаев журналистерді менсінбегені ме?
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев брифингтің аяқталуын күтпей Үкімет залынан шығып кетті. Бұл журналистердің наразылығын туғызған, себебі БАҚ өкілдері өз сұрақтарын қойып үлгермеген, деп хабарлайды Оinet.kz порталы NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Министр брифинг басталған кезде өзге жиналысқа баруы керек екенін айтып, журналистерге 20 минут уақыт бөле алатынын ескерткен. Осы уақыт ішінде тек алты журналист өз сұрақтарын қойып үлгерген, ал брифингке шамамен 30 шақты БАҚ өкілі қатысқан. Журналистердің арыз-шағымдары мен қосымша сұрақтары барына қарамастан, министр кездесуді тоқтатып, кетіп қалған.
Айта кетейік, Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып 2025 жылғы ақпан айының соңында тағайындалған.
Журналистер бұған дейін де министрдің БАҚ өкілдерімен ашық диалогқа түсе бермейтінін, тілшілерге уақыт бөлуден қашқақтайтынын және брифингтерде сирек бой көрсететінін айтып шағымданған болатын.


