Қызмет көрсетілмесе де ақша төленген. Ақтауда инватакси бойынша заңсыз төлемдер анықталды

Oinet.kz 01-04-2026

Маңғыстау облысы прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инватакси қызметін көрсету барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Қадағалаушы орган жүргізген талдау нәтижесінде әлеуметтік саладағы заң талаптарының сақталуы тексерілген. Соның барысында Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өрескел бұзылғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, қызмет нақты көрсетілмегеніне қарамастан, жеткізуші компанияға бюджет қаражаты негізсіз аударылған. Прокуратура мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 5,3 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда аталған қаржыны бюджетке қайтару бойынша шаралар қабылданған.

Прокуратура актісінің негізінде уәкілетті орган тиісті шешім қабылдап, бөлім басшысын атқарып отырған лауазымына толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жауапкершілікке тартты.

Қадағалаушы орган әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы заңдылықтың сақталуы алдағы уақытта да ерекше бақылауда болатынын атап өтті.

Балаларға ине салынған кәмпит таратқан. Күдікті құрықталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу