Қаржы 99 пайызға игерілді

Oinet.kz 15-07-2019 475

Screenshot_12.jpg

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша Түркістан облысы  республдикадағы өңірлердің ішінде екінші орын алған. Инвестиция көлемі 39 пайызға өскен. Бұл туралы  Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық мәслихаттың алдында биылдың алты айында атқарған жұмысы жөнінде есеп беру жиынында мәлімдеді.   Әкімнің айтуынша инвестицияның көбеюіне Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарының қарқын алуы әсер етіп отыр. Сондай-ақ, облыс дамуындағы басым бағыттардың бірі туризм болып отыр. Туризмнің зияратшылық, археологиялық, табиғатты тамашалау, тау шаңғысы сияқты салаларын дамыту жоспарда бар. Өңірдегі елдімекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. 43 елді мекен орталықтандырылған ауыз су  құбырымен қамтамасыз етілген. Ауыл шаруашылығы саласында тамшылатып суару, жылыжай шаруашылығын құру сияқты тиімділігі зор тәжірибелер енгізілуде.

   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында 9 басым бағытты айқындап берген болатын. Осы бағыттар бойынша алдағы уақытта өңірге инвестиция тартуды, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту, білім беру ұйымдарын, оның ішінде апаттық жағдайдағы мектептерді қалыпқа келтіру, бюджеттегі қаржының пайдалану тиімділігін арттыру, соның ішінде тегін дәрі-дермек беруді оңтайландыру және қала, ауданның экономикалық деңгейін көтеру, мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігін арттыру бағытында жұмыстар қолға алынуда. 

Алты айда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында ауыз толтырып айтарлық жетістіктер бар.  Өңірде  3-5 жастағы балаларды бала-бақшамен қамту көрсеткіші 96 пайызға жетіп отыр. 1-шілдеге дейін әлеуметтік жағдайы төмен 71 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Түркістан облысы бюджетінің жалпы көлемі 682,8 миллиард теңгені құрайды. Алты айда бюджет қаржысы 99 пайызға игерілген. 


Шетелдіктер Қасқасуды дамытуға нетті
Тұрғындармен жүздесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу