Термешілер сыналған күн

Oinet.kz 16-07-2019 619

Screenshot_20.jpg

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Терме-бойтұмарым» термешілер мен жыршылардың аудандық байқауы өтті.  Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабалауынша шараның көздегені ұлттық өнерімізді қайта жаңғрыту, насихаттау, жыр,терме айтуға жастардың қызығушылығын ояту.  

Байқау өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған, халықтық дәстүрлер негізіндегі жыр мен терме өнерінің жаңғырып, кең құлаш жаюына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жас термешілерді анықтау мақсатында өткізілді. Байқауға 12 термешілер мен жыршылар қатысты. 

Әділ-қазылар алқасы шығарманың мағыналық тереңдігі, өзектілігі мен маңызы, шығарманың орындалу шеберлігі, шығарманы орындаудағы дауыс мақамы, тіл тазалығы, сахна мәдениеті және сахналық киімге мән берді.  Жарыс қорытындысы нәтижесінде  бас жүлдені атбұлақтық Әйгерім Орынбасар жеңіп алды.  І- орынды рабаттық  Мәди Рахымбертай алса,  ІІ-орынды қызылқиялық Бақытжан Шәкібаев иеленсе, ал  ІІІ-орындадар шарапханалық бағдан Меңлібеков пен жаңабазарлық Ізбасар Бегімбетовке бұйырды. Сайыста көрерменнің көңіліәнен шыққан қазығұрттық Әміре Әбдірашит «Көрермендер көзайымы» жүлдесімен марапатталды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етіліп, барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.

 Ұйымдастырушылар өнегелі шараны алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуді қолға алмақ. 


Асықатада әмбебап орталық ашылды
Жетісайдың өнімдері Еуропа асып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу