«Әлемді кітап арқылы танимын»

Oinet.kz 28-07-2019 1203

Screenshot_4.jpg

Ордабасы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемді кітап арқылы танимын» жобасы аясында өткізілген «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты аудандық байқау өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқауға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, 2 кезең бойынша сынға түсті. Үміткерлердің еңбегін қазылар алқасы: А. С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директорының орынбасары Раушан Бабажанова, облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Закира Парымбекова, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Зоя Бегежанова мен әдіскері Жанар Аманжолова саралап бағалады. Қатысушылар дода барысында қаншалықты кітапқұмар екендіктерін дәледеп, қазақ ақын-жазушыларының классикалық шығармаларын талдады, тарихи туындыларды насихаттады. Сайыс қорытындысы бойынша 7-10 жас аралығындағы бас жүлде Көктөбе ауылдық кітапханасының оқырманы – Асанхан Темірханға бұйырса, 11-15 жас аралығында бас жүлдені Бадам ауылдық кітапханасының оқырманы –Мәден Еңлік жеңіп алды. Аудандық ОКЖ-сі атынан жеңімпаздар «Алғыс хаттармен» марапатталып, сыйлықтар тапсырылды.

Кітапхана ұжымы мұндай шаралар жастардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, әдебиетімізді, тарихымызды танытуға жол ашады деп есептейді. 


Спорт нысандары көбеюде
Оқушылар бос жүрмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу