Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды

Oinet.kz 30-07-2019 776

Screenshot_4.jpg

Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Абдуалиевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, кірістер басқармасыныың басшысы шақырылған. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Күн тәртібінде бекітілген екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашева «Ауданда Атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтарға тағайындалған әлеуметтік көмектің барысы туралы хабарлама оқыды. Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек – айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекеттен берілетін ақшалай төлем. Ол шартты және шартсыз түрде облыс, республикалық маңызы бар қала және елорда тұрғындарына беріледі.

    Екінші мәселе бойынша ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Б.Ерменов «Жазғы маусымда тал көшеттерін суғару жұмыстары жөнінде хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды. 


Айналаны айнадай етті
Шаруаларға су жетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу