Бірнеше ауылға газ кіреді

Oinet.kz 03-08-2019 645

   Screenshot_4.jpg

 Елімізде елдімекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұрындары от жағып, күл шығарып жүрген шалғайдағы ауылдар да көгілдір отынға қол жеткізуде. 

Алдағы уақытта келестік тұрғындар да көгілдір отынның рахатын көретін болады. Жақында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Біртілек ауылдық округі аумағында құрылысы жүріп жатқан «Абай» АГТС басына тиісті бөлім басшыларымен барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.  «Абай» АГТС салу (қуаттылығын ұлғайту)» нысанының жобалық-сметалық құжаттарының бас жобалаушы мекемесі «Жамбылагрогазпроект» ЖШС болып табылады. 2019 жылы мемлекеттік сатып-алу конкурсының жеңімпаз мердігер мекеме «Газ KZ» ЖШС анықталып, ағымдағы жылдың шілде айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. 

Құрылыс жұмыстарын көру барысында аудан әкімі Ақментай Үсенұлы мердігер мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарының баяу жүруінің себебін сұрап, ақауларды тездетіп шешуді тапсырды. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған жағдайда Абай ауылы, Қошқарата, Ұшқын, Біртілек ауылдық округтерінің елді мекендерін толық табиғи газбен қамтамасыз етуге «Абай» АГТС қуаты жететін болады.


Көшелер жөндеу көруде
Жанар Бектаева: «Әйелдердің бәрі іскер»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу