Селфиге қалай сәтті түсуге болады?

Oinet.kz 26-02-2019 1428

694-1476212156-a5d7a03e52.jpg

Селфиға қалай сәтті түсуге болады? Бұл сұрақ қыз-келіншектерді ғана емес,сонымен қатар, ер жігіттерді де алаңдатары анық. Жалпы селфи дегеніміз не? Негізі, «selfie» сөзі Австралияның «АВС» Онлайн форумындағы ғаламтор қолданушыларының кездейсоқ ойлап тапқан дүниесі, «selfie» ағылшын тілінен аударғанда «өзім» деген мағынаны білдіреді. Жалпақ тілмен айтқанда, селфи көбінесе, ұялы телефон немесе планшет көмегімен жасалатын кәдімгі автопортрет. Шындығына келсек, селфидін автопортреттен өзгешелігі: мұнда автор өз-өзін суретке түсіруі керек. Миллиондаған селфидін ішінен сіздің суретіңіздің сапасы жақсы болуы үшін неге назар аудару қажет? Енді осы орайда сәтті селфи түсірудін құпиясын айта кетейік:

1. Суретің сәтті шығуы үшін жарықты дұрыс таңдай біліңіз. Қай кезде де жарықпен дұрыс жұмыс жасаған жөн. Жарық көзі немесе күн сәулесінің сізге қарама-қарсы және де көзі мөлшеріңізден сәл жоғарырақ орналасуына назар аударыңыз. Әйтсе де, табиғи жарықпен түскен сурет қашанда сәтті шығады.

2. Селфи жасаудағы ең көп кездесетін қателіктердің бірі - артқы фонға мән бермеу. Селфи түсіруші адам артқы көріністі басты назарда ұстағаны дұрыс. Ал киім мен шаштың түсі фон бейнесімен сәйкес келмегені жөн.

3. Ракурсқа да назар аудару қажет. Суретке түсу барысында басты аздап еңкейтсеңіз, ол көзді үлкен қылып көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, жақ-сүйектердің әдемі көрінуіне септігін тигізеді.

4. Қай кезде суретке түссеңізде бірнеше кадр жасаңыз. 10 кадрдың ішінен сізге 3-еуі ғана ұнауы мүмкін. Егер, қандай да бір әлеуметтік желіге салғыңыз келсе, суретке түскеннен кейін жарты сағат өткен соң жариялаған жөн. Еш уақытта суретке түсе салып, оны жұртқа бірден жарияламаңыз. Өйткені, уақыт өте келе өзіңізге ұнамай қалуы ғажап емес.

Дерккөз : anabol.kz

Отбасылық бюджетті үнемдеу және сақтау жолдар қандай?
Тылсым оқиға. Жаңа үйіміздегі жаман дыбыстар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу