Пердені жуудың оңай тәсілдері

Oinet.kz 26-02-2019 1382

598-1476219480-90340e3851.jpg

Сарғайған пердені ағартамыз

Қазіргі перденің көбісі нейлон, мақталы матадан, полиэстерден тігіледі. Сондықтан, оны автоматты кір жуу машинасында жуып, барабанында кептіруге болады. Сары дақтар кету үшін, пердені жумас бұрын тұзды суға салып қойыңыз. Негізі пердені жылы суда жуған абзал. Перде жуылып болған соң машина ішінде 15 минут кептіріп, бірден іліңіз. Үтіктеудің қажеті жоқ.

Шаң-тозаң басқан ламбрекендерді тазалау

Егер ламбрекен жүннен, жібектен немесе дестелген матадан тоқылса, химиялық тазалауға беріңіз. Алайда, матасы қатты, керегеге қағылған ламбрекенді алып түсіру оңай емес. Перденің еш жерін бұзбай шешіп беретін маман шақыртып, химиялық тазалауға берген дұрыс. Ақшаңызды аясаңыз, жеңіл баспалдақ пен шаң сорғышты қолға алып та тазалауға болады. Әуелі шаң көп жиналатын карниздың жоғарғы жағын тазалаудан бастаңыз. Ламбрекеннің сыртқы жағымен қатар, ішкі жағы да назардан тыс қалмасын. Бір қолмен матасын ұстап тұрып шаңсорғышпен перденің қабаттары мен бүрмеленген тұстарын мұқият тазалау керек. Егер перденің тазалығы көңіліңізден шықпаса, бу үтігімен үстінен тағы бір жүргізіп өтіңіз. 

Пердедегі дақта

Перденің дақтарын кетірмес бұрын, шаңсорғышқа арнайы саптама кигізіп, бір тазалап шыққан дұрыс. Жұмсақ щетка немесе киімге арналған роликті тазартқышты пайдалануға да болады. Перденің екі жағынан шаңын қағып, щеткамен жоғарыдан төменге қарай тазалаңыз. Майлы дақтан арылғыңыз келсе, жылы суға тазалаушы құралын араластырыңыз. Көпірме суға губканы бір малып алып, дақтың үстінен бір сүртіп шығыңыз. Губканы сығып алып, артық сабын көпіршігін алып тастау керек. Сулы жерді құрғақ шүберекпен құрғатып, фенмен кептіруге болады. Егер матада айғыздар қалып қалса, із үстінен булы үтікпен бір жүргізіп өтіңіз.

Дайындаған: Айдос Айгерім

Дереккөз: comode.kz

Кірді қалай жуу керек?
Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлауы мүмкін?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу