«Қанды ішпеңіздер» - Қала тұрғыны әкім орынбасарына шүйлікті

Oinet.kz 01-03-2022 1032

OINET.KZ - «Қанды ішпеңіздер!». Түркістан сарайында өткен «ашық есік күнінде» қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқаннның қабылдауына келген Шаңырақ шағынауданы тұрғындары бірлестігінің төрағасы Оңғар Бердиярұлы ашуланып осылай деді.

Screenshot_3.jpg

– Шаңырақ шағынауданында жаңадан салынған, УДЗ аппараты, бәрі бар, келушілерге барлық жағдай жасалған «Дария медикус» емханасының лентасын Мұрат Әйтеновтің өзі қиды. Өзіңіз де бірнеше рет барып көргенсіз. Бақытжан Позилов 10 мәрте барған. 2021 жылы 2 тамызда Әйтенов осы мәселені реттеуді сізге және қала әкімінің орынбасары Білісбековке қаулымен жүктеген. Бірақ, сіздер, тендерге үш мекеме қатысса, соның екеуін шақырмай алаяқтық жасап, Мейірімова дегенге сеніп, бір күнде ғимараты апатты жағдайда деп танылған №12 емхананы 69 мың тұрғынымен Тұрабеков дегенге өткізіп жібергенсіздер. Менде 60 миллионға сатқандарыңыздың протокол хаттамасы бар. Халықты бүйтіп алдамаңыздар. Мәселені шешіңіздер! Позилов кабинетіне шақырады да барсаң «әкім тез шақырып жатыр» деп қашып кетеді. Неге халықтың қанын ішесіздер? Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы неге барып көрмейді, халықтың мұң-мұқтажын естімейді? Себебі парақорлар пара алып қойған. Қанды ішпеңіздер! Жылы кабинетте отырған сізге Денсаулық министрлігінен қоңырау соқтырсақ та 11 қаңтардан бері кіре алмаймын. Сонда сіздер кімсіздер?! Неге бүйтіп жүрсіздер?! Сіз, Позилов екеуіңіз адамның қанын сорып алып жатырсыздар. Халық анализдерді сіздерге тапсыруы керек! – деді ашынған Шаңырақ шағынауданы тұрғындарының қоғамдық бірлестігі төрағасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Oinet - жаңалықтар әлемі (@oinetnews)

Берік Уәли Песков бола ала ма?
Ерлан Қошанов: Орыс тілін Конституциядан алып тастаудың қажеті жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу