Ерлан Қошанов: Орыс тілін Конституциядан алып тастаудың қажеті жоқ

Oinet.kz 02-03-2022 2239

OINET.KZ - Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәжіліс кулуарында журналистердің "Халық Конституциядан орыс тілінің мәртебесін алып тастау туралы петицияға қол қойып жатыр. Осы мәселе туралы не ойлайсыз?" деген сұрағына жауап беріп, бұл мәселеге қатысты өз ойын айтты.

  Screenshot_7.png

"Халық емес, бір топ бастамашы топ шығар. Халық деп айтуға келмес. Мен сұрақты басқаша қояр едім. Бізге қазақ тілін одан әрі дамыту маңызды ма әлде орыс тілінің ұлтаралық тіл деген мәртебесін алып тастаған маңызды ма? Әрине, дамыту мәселесі маңызды. Менің ойымша, біз соған басымдық беруіміз қажет".

Ол қазақ тілін дамыту үшін, ең әуелі қазақтар бір-бірімен қазақша сөйлесіп, басқа ұлт өкілдерін де қазақ тілінде сөйлеуге тартуы қажет деп отыр.

"Біз көпұлтты мемлекетпіз. Олардың сөйлесуі үшін, әрине, орыс тілі қажет. Менің ойымша, бүгінгі таңда оны Конституциядан алып тастау қажеттілігі жоқ", - деп жауап берді мәжіліс спикері.

«Қанды ішпеңіздер» - Қала тұрғыны әкім орынбасарына шүйлікті
Қорғаныс министрлігі Қазақстан екі тарапты да қолдамайтынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу