Қызғалдақтың отаны - Оңтүстік

Oinet.kz 28-10-2010 1384

Screenshot_7.jpg

Қызғалдақ—сұлулықтың белгісі. Көктем гүлі атанған ол мәңгілік жастықтың, жарасымдылықтың символы. Шымкенттегі Орталық субұрқағының қызғалдық бейнесінде қайта жаңғыруы, оның  жаңадан бой көтерген Жастар аллеясының қасынан орын алуы осы жарасымдылық пен жастықтың өзара үйлесімін паш етті. 

--Елбасымыз Оңтүстікке келген сапарларында Шымкенттің Қазақстандағы үшінші қалаға айналуы қажеттігін баса айтып кетті. Шымкент үшінші қала мәртбесіне халқының көптігімен ғана емес, өндірісте, экономикада, мәдениеттегі үлкен көрсеткіштермен жетуі тиіс. Осы талапты орындау мақсатында облыс орталығының көркін ашатын нысандар көбейіп келеді. Солардың бірі бүгін ашылып отырған Орталық субұрқағы. Оның қызғалдақ бейнесінде салынуы тегін емес. Өйткені қызғалдақтың отаны Қазақстан, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы. Олай болса қызғалдақты неге Оңтүстіктің сиволына айналдырмасқа?!--деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов жаңа нысанның ашылу салтанатында. 

Орталық субұрқағын  мердігер «Шымкентжилстрой» ЖШС атқарған. Ал, жобаны «Водоканал консалитнг инжиниринг» ЖШС жасаған. Ал, 52 миллион теңгеге бағаланған жұмысқа қажетті қаржыны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облысымыздағы жекелеген кәсіпкерлік құрылымдар бөлген. 

-- Елбасының атқарып отырған саясатының арқасында облысымыз ойдағыдай дамып келеді. Биыл негізгі капиталға шаққандағы инвестиция көлемі былтырмен салыстырғанда 67 пайызға өсіп отыр. Облыстың білім, денсаулық басқа да әлеуметтік саласында  ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Күні кеше ғана Астанада өткен алқалы жиында Оңтүстік Қазақстан «Балапан» бағдарламасын өз деңгейінде орындап жатқан республикадағы төрт облыстың бірі ретінде аталып өтті. Шымкентті  көркейту, жасарту, сәулетін заман талабына сай ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ең бастысы, ол бюджеттің емес, жергілікті кәсіпкерлердің есебінен салынуда. Орталық субұрқағы мен Жастар аллеясы облысымыздағы үлкен білім шаңырағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан ашылып отыр. Осындай сәулетті нысандар жастарымызды өз қаласына деген патриоттық сүйіспеншілігін арттырады деген ойдамын,--деді облыс басшысы. 

Атап өтері, жаңадан пайдалануға берілген Жастар аллеясын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салып беруге «Айжамал» ЖШС және «Ақжол» ЖШС атсалысқан. Жобаның жалпы сметалық құны 10 миллион теңгені құрайды. Ал, «Қызғалдақ» орталық субұрқағын «Амир-Д», «Зерде», «Ақ-Ниет», «Экофарм» ЖШС-тері мен «Медтехника», «Химфарм» АҚ-дары бастаған 21 кәсіпкерлік нысандар қолдау білдіріпті. Облыс басшысы ашылуы салтанатында солардың бірқатарына Алғыс хаттар мен сертификаттар тапсырды.  

Жастар аллеясы мен Орталық субұрқағының ашылуына жастар да дән риза. Шымкентте бүгінде  жастардың саны 161 мыңға жуық. Оның 90 мыңы студенттер.  Бір ғана ОҚМУ-да білім алып жатқан студенттердің саны 17 мыңнан асады. Солардың бірі ОҚМУ-дің филилогия факультетінің бірінші курс студенті Умида Жүсіпбекова:

-- Шымкент жастардың қаласы болғанымен қаламызда жастарға арналған нысандар аз болатын. Жуырда Жастар орталығының, Неке сарайының тұсауы кесілді. Міне, бүгін Орталық субұрқағы пайдалануға беріліп отыр. Осының бәрі де жастардың игілігі деп білеміз, осындай іті атқарған басшыларға ризашылығымызды білдеріміз--деді. 

Шымкенттің мәдени тынысын ашатын орындар мұнымен тоқтап қалмайды. Қала басшыларының айтуынша, алдағы күндері облыс орталығында халықаралық теннис орталығы, цирк, жабық бассейн, спорттық манеж, пайдалануға беріледі. Металлургтер мәдениет сарайы әкімдіктің коммнуалдық меншігіне алынып, ол бұрынғысынша қаланың мәдени өміріне қызмет етпек. Сондай-ақ кеңес одағы кезінен жөндеу көрмеген Оқушылар сарайы қайта құрылымдау жүұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. 

«Шымкентке жылу әзір берілген жоқ, күтіп отырмыз»
Шымкентте «Алдар көсенің» жалғасы түсіріліп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу