Анасын Меккеге арқалап апарған бала

Oinet.kz 05-09-2020 1236

Ана.jpg

Бір жігіт анасын арқалап қасиетті Меккеге сапар шегеді. Жол жүріп арып-талып келе жатқанда алдынан бір жолаушы кездесіп "қайда барасыңдар?" -деп жөн сұрайды.

--Анам жастай жесір қалып мені асырады. Енді мен анамды Меккеге арқалап апарып мойнымдағы қарызымнан құтыламын -деп ағынан жарылған жігітке, әлгі жолаушы:

--Кәрі шешеңді сүйегін салдыратып Меккеге сүйрелегенше бір шалға бере салмайсың ба? - десе, кемпір айтқан екен:

--Еее, оны түсінетін бала қайда -деп.

Сол айтқандай біз осы билікте отырған кемпір, шалдарды түсіне алмай жүрген жоқпыз ба? Жастарға неге жол бермейді бұлар? Сүйектері салдырап қартайғанша ат үстінен түспеуіне не себеп? Жазғандардың жан қалауын дөп басатын бір жолаушы табылар мекен қазақтан!

Айдар Темірбекұлы

Әйел туралы эссе. Әйел деген ашылмаған жұмбақ
Арман туралы эссе. Армандай білген жеңіске жетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу