Арман туралы эссе. Армандай білген жеңіске жетеді

Oinet.kz 05-09-2020

Ат айылын тартпаған аунап түсетіні секілді, арман қуған адамда белін бекем бумаса белден аспасы анық. Біріне жетсең екішісі мен мұндалап тұратын тіршілікте тірінің арманы сірәда бітпес.

Ойлап қарасам, арман қуып биік белестерден көрініп, жетістікке жетіп, ел-жұрт "осы адам армансыз -ау" дейтіндердіңде арманы таусылмайды. Керсінше үдей түседі. Арманның шегі болмайды. Ол расыменде қол жетпес шың. Сары далада көрінетін сағым секілді жеткізбейді. Жеткендей боласың, жетесің, тағы одан ары кетесің.

Ат үстіндегі адамның таралғыны тартпаса табаны үзеңгіге тірелмейді. Үзеңгіге табан тірей тартқанда ғана арыны қатты арғымақты тоқтата аласың. Сол секілді, арман атты арғымаққа мінген соң адам баласы өмірден мән тапқанша шаба береді. Өмірден мән тапқанда ғана қос аяғын тең тіреп, арынды арғымақтың тізгінін шірей тартуы мүмкін. Ал, оған дейін аяғы құр ауа қармап, далақтап шаба береді, шаба береді....

Иә, адам жүрегіндегі армандар кіршіксіз таза болады. Ойыңдағы ең аяулы құпияңда сол. Өзгемен бөліскің келмейтін қымбат қазынаңда, алдағы мақсатқа жетелейтін ақылшыңда сол аппақ армандарың. Тек, сол арманға жету жолында өзге біреудің аяулы армандарын аяқ асты етпесек болғаны да

Айдар Темірбекұлы

Анасын Меккеге арқалап апарған бала
Көмбе қарын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу