Айшуақ Дәрменұлы. Өзі хабарлассын

Oinet.kz 06-09-2020 708

Өмір ғой, жан бар жерде қаза бар. Бір келіншектің анасы қайтыс болыпты. Жаназа, жерлеу, садақасын тарату, т.б. шаруаларын реттеп, кішкене ес жиып алған соң тірі адам тіршілігін жасайды ғой. Қайтыс болғаны туралы анықтаманы алудың өзі біраз бейнет. Сөйтіп жүргенде есіне банктен алған несие түсіпті. Жаңа тоңазытқыш алғанда анасының атына рәсімдеген екен. Банкке телефон соғыпты:

-Сәлеметсіз бе! Сізге сұрағым бар. Қайтыс болған адамның атындағы несиені қалай жабады?

-Осы нөмірге өзі хабарлассын,- депті банк менеджері.

"Телефонды қоя салдым. Сөзімді түсінбеді дейін десем тәп-тәуір қазақша сөйлесті. Акценті жоқ. Енді өздері хабарласса  "Тура өзімен тікелей сөйлесіңдер" деп айтамын" деп ашуланып отыр.

Таңертең желіден 1941 жылы фашистерге қарсы соғыста өлген жауынгердің ИИН нөмірін сұратқан бюрократтар туралы оқып едім. Шетелдегі "Шнобель сыйлығы", "Дарвин сыйлығы" сияқты ең ақымақ іс-әрекетке берілетін сыйлық аналогы бізге де керек ау...


Шағатай мемлекеті
Абысын тату болса... Абысындар туралы мысал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу