Халық алаяқты қалай айырады? (аңыз)

Oinet.kz 13-01-2020 738

халық.jpg

Мәлике: Халық алаяқты қалай айырады?

Әбілда: Пақырлығына қарап айырады. Әз пайғамбар «ертең не ішіп жеймін?» деп уайымдамаған. Ұрпағыма деп сандығында алтын-күміс сақтамаған. Қорасында мал ұстамаған. Қарынбайға ешқашан ұқсамаған. Егер тақуаның, сопының, имамның қорасында малы, ауласында талы, сандығында күмісі, базарында түсімі болса, ол барып тұрған жалғаншы болғаны. Түркі жұртында «есек қана ертеңін ойлап қайғырады» деген сөз содан қалған. Әзіреті пайғамбарым «Кедейлік – мақтанышым!» деген. Себебі пақырлық мақамына мұнафықтар өте алмайды, дүние жинамай тұра алмайды. Жұрт адасқысы келмесе, ділмарсыған сопының пақырлығына назар салсын. Мешіт пен минбарда отырып, мал жинаған діндардан аулақ жүрсін. Дидар талап ерлердің ризығын Алла тағала күтпеген тұстан өзім жеткерем деп уәде еткен. Шын иман осыған сенеді.

Санжар Керімбай, «Мың сұрақ» кітабынан алынды

Ыбырайымның Меккеге көшуі (аңыз)
Сайрам шаһарының аңызы (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу