Бекет әулиеге сенбей оны сынап көрген жігіт

Oinet.kz 21-06-2022

Бекет Атаның әулиелігіне шәк күмән келтіріп, сенбей жүретін бір қалжыңбас құрдасы бар екен. "Сіңірі шыққан кедейге сіңе қалған қайдағы әулиелік? Әулие, әулие  деп әлде кімдерді әулие тұтатыны несі екен осы жұрттың?" деп айтады екен әлгі құрдасы. 

Screenshot_15.jpg

Ол кезде ел көшкенде бар жүгін, бала шағасын нар түйені жазылып, соған артып алып жүретін болған екен. Бір жолы құрдасының үйі көшіп келе жатып, тік құлама жартастан атан түйенің аяғы тайып кетіп, үстіндегі баласымен қоса жардан ұшып кетеді. Тіліне "Ия Бекет!" деген сөз оралған әлгі кісі күдер үзіп, күйінген күймен төменге көз салса, құдіреттің күшімен атан түйесімен аман сау, жалаң жартастың үстінде жайбарақат тұр екен. 

Әулиенің көңіліне әбден көңілі сенген құрдасы садақасын бере келгенде, Бекет "Бері кел" деп шақырып алыпты да, анау жақындап келген соң арқасын ашып көрсетіпті. Сонда жарықтық Бекет Атаның жауырынында қызылталақтанып түйенің төрт табанының ізі тұр екен. Кереметіне қалың елді қайран қалдырған жарықтық әулие жардан ұшып бара жатқан нарды жауырынымен қағып алса керек.

Бұзылған кісіні тура жолға салған тот басқан пышақ
Қонаққа төрт жілік тартқан бәйбіше


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×