Қазақ қызына қырғыз жігіті сезімін білдіргенде қазақ қызының айтқан жауабы

Oinet.kz 28-06-2022

Қазақ қызына қырғыз жігіті ғашық болып, сезімін білдіргенде, сонда қазақ қызының айтқан жауабы:

Screenshot_3.jpg

(Қырғыз елінің жігітіне арналған ақ өлең)

-Жақсы қызды жар еткіңіз келеді.

Еліңізге келін болман, себебі:

Том-тарихты ақтарғанда болашақ

Қазақ болып қалу керек дерегім.

Бастарында болғаннан соң «бостандық»,

Қаншама қыз «өзге» жастық жастанды.

Ел болмайтын «жиендерді» көбейтіп,

Қазағыма жасамаймын қастандық …

Зор білекті батыр тусам, қайтемін?

Жар астында жасырынған жау болар.

Дүр жүректі хакім тусам, қайтемін?

Ел арасын алшақтатар дау болар.

Өте білгір әкім тусам, қайтемін?

Қарашадан дара шығып хан болар.

Өткір тілді ақын тусам, қайтемін?

Тамырыма тартып текті жан болар.

Жез таңдайлы әнші тусам, қайтемін?

Өнер шіркін өзге ұлтқа жолданар.

Шеберленген күйші тусам, қайтемін?

Сатқындықтың сорақысы сол болар.

Ұрпағымды сүйгенмен,

Ұлтым үшін күйгенде,

Белгілі ғой жұлдызымның жанбасы.

Әйел-ердің қабырғасы білгенге,

Бір қазағым «қабырғасыз» қалмасын.

Үрдің қызы күтіп жүр-ау сізді де

«Қабырғаңыз» болғасын.

Достық туын желбіретсек…

Достық сөзі сүйерім!ш

(Адал дос деп сізге басты иемін).

…Өзге ұлтта алынбаған өшім жоқ,

Өз ұлтымды өзгешелеу сүйемін.

Сондықтанда, қазақ болсын күйеуім!

(с) Гүлсара Шалқар 

P. S. Суретте жыр-шумақтың авторы, ақылына көркі сай Гүлсара Шалқар қыздарыңыз!

"Қазақ қантсырап қалды": Өмірбек Шыныбекұлы
Көшкен періге соғысып өлген жас келіншек


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×