Ханқорғанның тарихы тым тереңде жатыр

Oinet.kz 09-09-2022 326

Screenshot_5.jpg

«Сайрамда бар сансыз баб» деп тектен тек айтылмаса керек. Бұл жерде орта ғасырлық сәулет ескерткіштері көптеп салынған. Көптігі соншалық, жергілікті тұрғындардың өзі олардың санынан жаңылатын көрінеді. Бір көнекөздер соншама көп кесененің санын шамалап 80-ге жуық десе, енді бірі 100-ден асады деп болжайды. Солардың бірі де бірегейі – Ханқорған қалашығы.

Белгілі ғалым Бахадыр Айтай өз жазбаларының бірінде былай дейді: 

«Қарабұлақ орта мектебінде көп жылдар тарих пәнінің мұғалімі болып істеген, зейнеттегі қарт ұстаз Әбдімәулен Далабаев Қарабұлақ өңірінің тарихы туралы танымдық мәні бар шағын кітап жазыпты. Ол Ханқорған тарихына қатысты мынадай қызықты мәлімет береді: «Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа бара жатып Шымкенттің солтүстік-шығысындағы жиырма шақырым жердегі Қорғанда аялдады, оған себеп қар қалың жауып Арыс өзенінің мұз басуын күткен болу керек. Әскерін шығыс жағалауға өткізіп жатқанда мұз жарылып Темір суға құлаған екен. Осыдан кейін қатты суықтап, көп ұзамай қайтыс болыпты. Ұлдарына және әскербасыларына жорықты жалғастыра беріңдер» деп өсиет айтыпты. Ә.Далабаев Әмір Темірдің суықтан ауырып қайтыс болғаны туралы деректерді Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика институында оқып жүрген кезінде есіткен. Йездидің Темір туралы жазбаларында Шымкент қамалы туралы алғашқы жазба дерек кездесетіндігі мәлім». 

Бұл туралы «Amanat»  партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы «Мәдениеті мен тарихы бай аймақ» бағыты бойынша өлкетану экспедицияларын өткізу, киелі мекендерді абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарын бақылау мақсатында құрылған делегациямен болған жиында айтылды. Қазақстан Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, белгілі ғалым, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Гаухарбек Тілеуқұлов, белгілі жазушы, журналист, тарихи тақырыптарға қалам тербеп жүрген Шойбек Орынбай, сазгер, Мәдениет қайраткері Сейдулла Темірбаев, жазушы, журналист Жәмила Мамырәлі, ақын Дәурен Айманбет, Сүндет Сейітовтертен құрылған делегация мүшелері Ханқорған қалашығына барып оның тарихына терең тоқталды. 

Ханқорған қалашығына арнайы делегация барды
Ханқорған билеуші хандардың резиденциясы қызметін атқарған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу