Сақау қыздың аңқаулығы елді күлдірді

Oinet.kz 06-10-2022 984

Баяғыда бір байдың сақау қызы болыпты. Әлгі қыз сақау ғана емес, аңқау да болған екен. Ол кездегі жеңгейлер үйде отырған қайын інілеріне қыз іздеп, қайын сіңлілеріне күйеу бала іздеген ғой. Содан әлгі қыздың тілінің мүкісі барын білген жеңгесі:

Screenshot_9.jpg

- Сұлуым, бүгін жастардың тойына барамыз. Ол жерде небір байлар мен атқамінерлердің ұлдары болады. Бірақ сен ауызыңды ашушы болма, жарай ма? - деп әбден ақылын құлағына құйыпты.

. - Ауылызымды ассам не болады?

. - Ойбай, бәрін бүлдіресің!

Содан жеңгесі мен қайын сіңлісі үлкен тойда отыр. Небір сен тұр, мен атайын деген сері жігіттер мен алпамса денелі бойдақтар төменде, ал оған қарсы бойжеткендер мен жеңгелері төрде отырады. Қымыз ішіліп, ет желініп барлығы ырду-дырду болып отырғанда, біреу "пих" етіп жел шығарып жіберіпті. Отырғандардың барлығы тым- тырыс бола қалады. Бір мезетте қуақы сол ауылдың жігіті:

- Уа, жарандар! Сұлулар мен мергендер! Егер де кімде- кім жаңағы желді жіберген адамды көрсетіп, әлде мойындаса, мен сол адамның иесіне боталы түйені берем, - деген екен. Осы сәтте сақау қыз жеңгесінің құлағына: "Жеңше, мен ғой осылып қойған" депті. Жеңгесі шошып кетіп: "Жайыңа қарап тыныш отыр. Алтын берем десе де. Масқара боласың" депті шымшылап.

Әлгі қуақы жігіт аңғарымпаз екен, дереу сақау қыз жаққа қарап:

- Осы сол самал жел сіздер жақтан шықпады ма? - депті көзін қысып. Қайын сіңлісінің масқарасы шықпасын деген данагөй жеңгесі сықылықтап күліп жіберіпті де:

- Иә, бегім-ай, сенен жасыру мүмкін емес қой. Мен сол байқатпай шығарып жіберіппін, - дейді ауызын басып.

- Оу, не тұрыс ендеше? Жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Келіңіз, боталы түйені алыңыз!- депті.

Осы кезде сақау қыз орнынан атып тұрыпты да:

- Мен осылдым, мен! Аха, сонда биқылды мен іштеймін де, боталы түйені мына абасты алмақшы ма? - депті ғой.

(с) Бибігүл ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ

Өлген қызды жуындырғандар көрген сұмдығына қатты ашуланды
Әкесіне айқайлаған жігіт ұзақ жылдан кейін үйіне келгенде...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу