Менің қарындасым. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 3712

Мен үйге жұмыстан шаршап барғанымда алдымнан еркелеп періштедей пәк кішкентай қыз «аға» деп жүгіріп шығады. Қолымдағы сөмкемді алып ішін ақтара өзіңе арнайы сатып алынған тәттілерімді алып, мені кішкентай құшағымен қысып құшақтап жатып, ақырын ғана рахметін айтады. Мен сол кездегі бақытты сәтімді ешқандай алтынмен айырбастамас едім.

b449b58682a39948c59ada365fa0e5dc_resize_w_520_h_.jpg

Қыз баласы өте қамқор, мейірімді жаратылыс қой. Үйге келгенде ыстық тамақпен қоса шәйға деп тәтті бәліштер пісіріп, ағасының келуін күтіп отырады. Бұл тек аға мен қарындас арасындағы терең сезім мен пәк махаббат. Қарындасым шашына бантик тағып мектепке баратын жасқа келгенінде оны өзімнің қасымнан бір елі тастамай әркез алып жүремін. Мектепке бірге барып, оның сабағының бітуін күтіп, өзіммен бірге үйге алып қайтамын. Өзгелердің қарындасыма жаман сөз айтып ренжітпеуіне, қысым көрсетпеуіне қатты мән беріп, оны әркез аялап, ренжітпеуге тырысам. Ол жанымда күліп, ойнап жүрсе маған бұдан асқан бақыт жоқ. Сыртқа шығатын кезімде әркез менің киімдерімді тазалап, үтіктеп дайындап қояды. Қасымда ерекше еркелеп, менің айтқан ақыл-кеңестеріме жүгініп, сөзімді жерге тастамай барлық айтқан сөздеріммен келіседі. Оның кішкентай жүрегі мейірім мен махаббатқа тола. Жан-жағындағы барша адамдарды шексіз жақсы көріп, әркез құрметтеп жүреді. Оның бойына ағасы болғасын тек жақсы қасиетерді сіңіруге тырысамын. Өмірдің «қара» тұстарына кезіккенде тез сынбауға, керісінше алға қарай талмай адымдау керектігін мен айтпасамда өзінің ақыл-парасатымен сезіне білді. Қарындасым кез келген мәселеде менен ақыл сұрап, түйіткілді бірге шешеміз. Кейде менің жасаған дүниелерімнің кемшіл тұстарын айтып, маған да өз кезінде ақыл-кеңесің айтып, көмектесіп отырады. Бұл аға мен қарындас арасындағы сыйластық пен түсіністікті өзге біреулер түсіне қоймас. Мұны тек жүрекпен сезіну қажет.

Ұрлық туралы мақал-мәтелдер
Қош бол, бастауыш. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу