Ат туралы мақал-мәтелдер
Бәйге ат мүсінін жасырады.
Ит қаппас демес,
Ат теппес деме.
Аты семіздің жолы тегіс.
Атты күнде мінсең - тулақ,
Аптада мінсең - қунақ.
Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла.
Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау.
Шідерлі атың - өз атың,
Тұсаулы атың - бос атын.
Жауыр атқа жіп құйысқан.
Жақсы аттан жал кетсе де, әл кетпейді.
Кісі аты тершең,
Кісі киімі кіршең.
Жортар аттың тоқтығы жақсы.
Айдың ізін ай басар,
Аттың ізін тай басар.