Сиыр туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 4493

Сиыр су ішкенде бұзау мұз жалайды.


Сиырдың сүті тілінде.


Жаман сиыр жазда бұзаулайды.


Болдырған сиыр молаға сүйкенеді.


Сүзеген сиырға Құдай мүйіз бермейді.

сиыр туралы мақал.jpg

Адам баладан өседі,

Сиыр танадан өседі,


Сиырдың майы жанға рахат,

Зығырдың майы тәнге рахат.


Сиыр баққанды сүттен қаққан оңбас.


Сиырлы бай - сары май.


Ойда сиырдың мүйізі сырқыраса,

Қырда бұғының мүйізі сырқырайды.


Сиырлының үйі - айран,

Сиырсыздың үйі - сырдаң.

Ат туралы мақал-мәтелдер
Өгіз туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу