Алғыс айту күні туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 24643

Көктем келім, айнала өзгеше сұлуланып, жер беті көк кілем жабылғанда елімізде мерке тойланады. Көктемнің алғашқы мерекесі - алғыс айту күні. Бұл күні Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында қаншама маңдай терің төккен жандардың бір-біріне риясыз алғысын айтып, құрмет көрсету күні.

алгыстыныс27022018.png

Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті, 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассаблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.

Адамзат баласын жақындастыратын құнды қасиет – адамгершілігі. Адамгершілігі мықты жанның әркезде де өзгелерге көмектесіп, алғыс алуы анық. Бір-біріне алғыс айту арқылы араларындағы сүйіспеншілік пен махаббатты нығайта түседі. Бұл мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың достығы  мен бір-біріне деген құрметін арттыру.

Елбасымыз бұл күн туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күні бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болып қалады», - деп өз айтқан.

Мен өз елімде еркін өмір сүріп жатқаным үшін Қазақстан халқына, отбасымда мені шексіз жақсы көріп, бар мейірімімен тәрбиелеп жатқан ата-анама, мені қолдап әркез қасымда жүрген бауырларым мен достарыма, мені білім нәрімен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаздарыма шексіз алғысымды білдіремін.

Бейбітшілік күні. Шығарма
Балаларды қорғау күні. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу