Достық туралы қанатты сөздер

Oinet.kz 24-08-2020 1610

Үнсіздік – ұлы дос, ол ешқашан саған опасыздық жасамайды.

Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар


Жауыңмен жарықта жүргеннен, досыңмен қараңғыда жүрген жақсырақ.


Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.


Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі - не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.


Адал болса – досың жақын,

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағын шөберең жақын,

Туып өскен – елің жақын.


Уақыт төрт затта жақсы білінеді: ескі ағаш жаңғанға жақсы, ескі вино ішкенге жақсы, ескі дос сенгенге жақсы, ескі автор оқығанға жақсы.


Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос,

Жайшылықта доспын деген - жай сөз.


Мұстафа Шоқайдың қанатты сөздері
Достық туралы афоризмдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу