Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 7 сынып. Отбасы - тәрбиенің алтын ұясы

Oinet.kz 05-10-2019 1556

Ата- аналар жиналысы:  Отбасы- тәрбиенің  алтын  ұясы

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; 

Түрі:  пікір алмасу

Көрнекілігі: карточка,дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар; қағаз қалам.

 

Жоспар

1.  Тренинг: шаттық шеңбері

2.  Кіріспе сөз: «Отбасы – тәрбие діңгегі»

3.  «Менің  отбасым, ол .....»  оқушылар  шығармалары

4.  «Отбасылық  махаббат  үйі» дидактикалық  ойын

5. «Менің  қиялымдағы  отбасым»

6. Қорытынды Тренинг  «Әріптер сыры»

 Өту  барысы: /жай музыка ойнап  тұрады/

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі кезекті бас қосуымызға  қош  келдіңіздер!

 Ата - аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетіні айтады.

1.Тренинг  «Біз ұқсаймыз »

Жаттығуға қатысушылар бөлме де еркін жүріп, бір-біріне келесі сөздерді айтады:

-Біз екуміз бір-бірімізге ұқсаймыз, себебі (бойымыз,шашамыз, т.б.с.с.)

- Біздің екеуміздің бірдейлігіміз(салмағымыз, размеріміз,ән айтатынымыз т.б.с.с.)

Алдымен 1 ата – ана  шеңберді  айнала  жүріп өзіне ұқсас адамды  табады, өз тобына жеткілікті  адам жинайды, әрекет осылай қайталанады, ұқсас адамдар бір  топқа жиналып, бір топ  болады.

Қатысушылар жаттығу соңында алған сезімдері жайлы ойларын бөлісуі қажет.

Қорытынды: Топтағы адамдармен тез тіл табыса білу,танысу қабілеттерін тану және бір-біріне деген жылылық ,жақындық қалыптасады,кім өзіне ұқсас адамдарды таба білсе, сол адамның бойында жоғарыдағы қабілеттер басым екені танылады.

 Содан кейін ата – аналар ең көп ұқсастықтар бойынша  3 топқа бөлінеді.

2. «Отбасы – тәрбие  діңгегі» кіріспе  сөз.

Ата- ананың басты қуанышы- бала. Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы - тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші - ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуы мен  өнегелі  тәрбие  алуына  барынша жағдай жасауы  тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни  6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

Бүгінгі  жиынымызға ой түрткі  ретінде  «Менің  отбасым, ол.....»  деген  аяқталмаған  ойды  жалғастыруды  ұсынамын. Мысалы: «Менің отбасым, ол  бақытты  отбасы деп есептеймін. Өйткені .....»  Ата – аналар өз  ойларын   айтады.

3. «Менің отбасым, ол ...» балалар  шығармалары  ұсынылады. Бұл  жұмыстарда  оқушылар ешқандай  есімдер  жазбаған. Шарты: әрбір  ата – ана шығармалармен  таныса  отырып, өз  баласының  туындысын  табуы  қажет. Өз отбасы  туралы баласының  ой – пікірімен  танысады

4. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

    Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, оны адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.

Ойын тапсырмалары: әр тапсырманы сөзбен не суретпен орындауға болады.

  1. «Достық» қабырғасы. Отбасылық  достық      дегенді қалай түсінесіздер?

  2. «Адамгершілік» қабырғасы. Отбасылық  адамгершілік  дегенді қалай түсінесіздер?

  3.  «Махаббат»      қабырғасы. Отбасылық  махаббат  дегенді қалай түсінесіздер?

  4.  «Бірлік»      қабырғасы. Отбасылық  бірлік  дегенді қалай түсінесіздер?

  5. Үй шатырына       отбасы мүшелерін  орналастыр.      Мысалы: әке, ана, бала

 Үйіміз дайын.

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.

 Сондықтан ата - ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

  1. «Менің       қиялымдағы  бақытты  отбасым» /видео - слайд/

Міне  сіздер  өз  қиялыңызбен  «Отбасылық махаббат үйін»  тұрғыздыңыз. Енді балаларыңыздың  қиялындағы бақытты отбасын білгеніміз жөн  болар.

 Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Қорытынды: Тренинг «Әріптер  сыры»  әрбір  ата – ана өз есімдерінің  алғашқы әріптерінен  басталатын  қасиеттерді  атайды. Өз балаларыңыздың  бойынан осындай  жақсы  қасиеттер  табылсын деген тілекпен бүгінгі кездесуімізді аяқтаймыз.Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

 


Әдістемелік көмек: Білім деңгейлері төмен оқушылармен өткізілетін жұмыс
Әдістемелік көмек: Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу