Ашық сабақ: А.Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 07-09-2020 1292

Сабақтың тақырыбы:


А.Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы.

(жалпы шолу)


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, азаматтық келбеті мен өлеңдеріндегі тарихи шындықты таныту;

Дамытушылық: Ой-өрістерін, таным-түсініктерін, азаматтық көзқарастарын қалыптастыра отырып, білімгер қиялын ұштау, сөйлеу мәдениетін дамыту;

Тәрбиелік: Ақын шығармаларындағы отансүйгіштікті, ұлтжандылықты таныту, толық адам болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

«Қазақ әдебиеті. 10 сынып». Электрондық оқулығы;

«Абай жолы». М.Әуезов. Аудиокітап.

«Абай жолы». М.Әуезов. І, ІІ том.

«А.Құнанбаев. Өлеңдер жинағы».

«Абай – Мұхтар» (газет-журнал материалдары)

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Танымдық

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Студенттердің назарын сабаққа аудару.

Б) Үй тапсырмасының орындалуын бақылау, бағалау.

(Ағартушы-ғалым Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы).


І. Үй жұмысы үш түрлі әдіс арқылы сұралады:


  1. Студенттерден жеке түсінік (қарапайым әдіс бойынша) сұрау.


  1. «Ойлан, тап» сәйкестендіру тесті (Мұнда батырманы басу арқылы дұрыс жауап нұсқаларын тауып, 100 балл алады, егер дұрыс таба алмаса балы төмендейді, қайта тексергенде жинаған ұпайы кемиді).


1. Ы.Алтынсарин қашан дүниеге келді?

а) 1835 ә) 1841 б) 1845 в) 1846


2. Ақын Орынборда неше жыл оқыды?

а) 5 ә) 6 б) 7 в) 10


3. Ы.Алтынсарин «Силінші ханым» әңгімесін кімнен аударды?

а) Л.Н.Толстой ә) А.С.Пушкин

б) М.Ю.Лермонтов в) И.С.Тургенев


4. Ы.Алтынсариннің орыс досы кім?

а) Ф.И.Тютчев ә) Н.И.Ильминский

б) Н.В.Гоголь в) Ф.М.Достоевский

5. 1887 жылы Ырғызда қандай мектеп ашты?

а) діни оқу мектебі ә) қыздар мектебі

б) балалар мектебі в) мұғалімдер мектебі


6. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кімге арналған?

а) Ақындарға

ә) Балаларға

б) Билерге

в) Ересектерге


7. Ы.Алтынсарин өмір сүрген жылдар:

а) 1835-1865

ә) 1841-1889

б) 1808-1908

в) 1845-1904


8. Теңеуді табыңыз:

а) Түбіттей түтіп бұлтыңды

ә) Қап-қара, мөп-мөлдір көз

б) Гималай – көктің кіндігі

в) Өлең – сөздің патшасы


9. Ы.Алтынсариннің өлеңін табыңыз:

а) «Әсемпаз болма әрнеге»

ә) «Әке мен бала»

б) «Ғылым таппай, мақтанба»

в) «Өзен»


10. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қай қалада, қай жылы

басылды?

а) Қазан, 1899 ж.

ә) Қызылорда, 1800 ж.

б) Торғай, 1850 ж.

в) Орынбор, 1879 ж.


3. «Кім жылдам?» (сөздік тесті) сөздердің ағылшынша, орысша баламасын табу (батырмамен дұрыс жауаптарын өз тұсына қою керек, егер жауап дұрыс болмаса, қайта жауап беруге болады, бірақ ұпайы кемиді):

барымта – воровство - (ағылшынша – theft)

жарлы - жақыбай – бедный – (ағылшынша – poor)

айырбас – обмен -(ағылшынша – exchange)

жәрмеңке – ярмарка (ағылшынша – fair)

тілмаш – переводчик – (ағылшынша – interpreter)

дарынды – одаренный, талантливый – (ағылшынша – talented)

зиялы – интеллигентный – (ағылшынша – intelligent)

талап – стремление – (ағылшынша – atbition)

ІІ. Жаңа сабақ:

(Күн ретін, сабақтың тақырыбын тақтаға латын графикасына негізделген қазақ

әліпбиімен жазамын)


Аbai (Ibrahim) Qunandaev

(1845-1904)

Интерактивті тақтадан «А.Құнанбаев» атты тақырыптық слайд көрсетіледі.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға. Оның шығармашылығы қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ой парасатының, жаңа арнада өріс алған мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің асқар шыңы болып табылады.

Абай – Семей өңіріндегі Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да, атасы Өскенбай да өз кезінің беделді, атақты адамдары, Тобықты руының билеушілері болған. Абайдың әкесі Құнанбай ата-бабаларынан да асып, ұзақ жыл аға сұлтан болып ел басқарған.

Құнанбайдың Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жасында қайтыс болған), Ысмағұл тәрізді жеті ұлының ішінен Абай ерте көзге түседі. Дарын-қабілеті мен ақыл-парасаты жастайынан байқалған Абайдан ата-анасы зор үміт күтеді.

Жасында Абай әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан әңгіме, ертегі, жыр тыңдап өсті. Әкесі Құнанбай да шешен, терең ойлы, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған, Меккеге қажылыққа барған адам.

Жас күнінде ақын Ғабитхан молдадан сауат ашады. Әкесі оны 10 жасында Семейдегі «Ахмет-Риза» медресесіне оқуға жібереді. Мұнда араб, парсы, түрік тілдерін үйреніп, дін сабақтарын оқыған. Низами, Науаи, Хафиз, Физули, т.б. шығыс классиктерінің шығармаларымен танысқан.

Абай медреседе 3 жыл, Семейдегі «Приходская школада» 3 ай оқиды. Содан бастап орысша шығармаларды оқи бастайды.

Абайдың жасы 13-ке жеткенде әкесі оны өз мақсат-мүддесіне сай етіп тәрбиелеу мақсатында оқудан шығарып алып, ел басқару ісіне баули бастайды. Қасына ертіп жүріп, ел ішіндегі өзара тартыс, дау-дамайларды байқатады. Әйгілі би-шешендердің сөзін тыңдатады, көңіліне тоқып өсуіне мүмкіндік жасайды, өз тәжірибесін меңгертеді. Ел ісіне араласу арқылы Абай халықтың тұрмыс-салтын, жағдайын тереңірек таниды, халқының отаршыл Ресейдің қол астындағы ауыр тағдырын көріп, сезініп өседі.

Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей, ел билеу ісіне ерте араласқан Абай он екі жыл болыс, алты жыл би болып қызмет атқарған. Билік басында жүргенде қарапайым қазаққа араша түсіп, халық құрметіне бөленген. Алайда, білім алмағандықтан надандық жайлаған өз ұлтының жағымсыз іс-әрекетін, қиын тұрмысын, елге тізесін батыратын әкімдердің оспадарлығын көріп, сезініп, жүрегі ауырды.

Абай поэзиясының ерекшелігі – рухани дүние. Өзі атаған мәселелерді (ұлт болашағы үшін балаға жасынан білім беру, оқу оқыту, ғылымды игерту, имандылыққа, адамдыққа, өнерлі болуға, адал еңбек етуге тәрбиелеу, т.б.) философиялық ой қорытулары арқылы түйіндейді.

Абай – ақын, ойшыл, жазба әдебиетінің негізін салушы, аудармашы, ағартушы-ұстаз, әділ би, заңгер, қоғам қайраткері. Қазақ әдебиетіне сыншыл реализм бағытын алып келген реформатор.


Абай қандай отбасында дүниеге келген, тәрбиеленген ортасы қандай?


Әкесі Құнанбайдың (1805-1885) әйелдері:

  1. Күңке: Құдайберді-Шәкірім

  2. Ұлжан: Тәкежан,

Абай,

Ысқақ,

Оспан.

  1. Айғыз: Халиолла,

Ысмағұл.

  1. Нұрғаным: (бала болмаған).


Абайдың (1845-1904) әйелдері:

  1. Ділдә: Ақылбай,

Әбдірахман,

Мағауия,

Күлбадан.

  1. Әйгерім (Шүкіман): Тұрағұл,

Мекәйіл,

Ізкәйіл,

Кенже.

  1. Еркежан (інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін әмеңгерлік жолымен алған):

(бала болмаған).


(М.Әуезовтің «Абай жолы» аудиокітабынан үзінді беріледі).


Абай шығармашылығы:

  1. Поэзиясы: Өлеңдері. Лирикалары: (Саяси-әлеуметтік, азаматтану, табиғат, махаббат, көңіл күй, философиялық).

2. Поэмалары: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» (аяқталмаған)

3. Аудармалары:

А.Пушкин. «Евгений Онегин» романынан үзінділер;

Лермонтов. «Бородино», «Теректің сыйы», «Демон», «Жалау»,

«Жартас»;

И.Крылов. «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Шегіртке мен құмырсқа», «Бақа мен

өгіз», «Піл мен қанден», «Есек пен бұлбұл», т.б;

Гете. «Қараңғы түнде тау қалғып» (Гете-Лермонтовтан аударған).

4. Прозасы: Қарасөздері. (7-Қарасөзі аудиотаспадан оқылады).

5. Сазгерлігі. Әндері: «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң»,

«Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде

тау қалғып» (Гете-Лермонтовтан аударған).


Интерактивті тақтамен жұмыс.

«Қазақ әдебиеті. 10 сынып.» Электронды оқулығынан 9/1-тапсырманы орындау;


Өлең құрылысына талдау жасау.

Ке-дей-дің ө-зі жү-рер мал-ды ба-ғып, 11 буын, а

О-ты-ру-ға о-тын жоқ, үз-бей жа-ғып. 11буын, а

Қар жау-са да тоң-бай-ды бай ба-ла-сы, 11буын, ә

Үй-і жы-лы, ки-із тұт-қан ай-на-ла-сы. 12 буын, ә


1 шумақ, 4 тармақ, 3 бунақ, 11-12 буынды егіз ұйқасы.

Тақырыбы: Кедейлік .

Идеясы: Мейірімді болуға тәрбиелеу.


9/6-тапсырма:

Кестені толтыру:

  1. Отыз сегізінші қарасөзінде айтылған күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе не?

  2. Мағынаны тану.

  3. Ой толғаныс.


ІІІ. Сабақты қорытындылау.


Жаңа сабақты бекіту тесті (берілген сұрақтардың тұсына жауабын жазады):

Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы
Ашық сабақ: А.Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу