Ашық сабақ. Биология. Бір жасушалы жануарлар

Oinet.kz 07-10-2018 900

Бір жасушалы жануарлар (Одноклеточные животные)
Бір жасушалы жануарлар керексіз қалдықтарды жиырылғыш вакуоль (сократительная вакуоль) арқылы шығарады.
Жиырылғыш вакуоль – вакуоль жиырылғанда ішіндегі сұйықтық сыртқа шығарылады.

Инфузориядан басқа паразитті формалар мен теңіз қарапайымдыларында жиырылғыш вакуоль жоқ. Зат алмасудың сұйық өнімдері диффузия жолымен бүкіл денесі арқылы шығарылады.

Ішекқуыстылар типі. Губкалар типі. (Кишечнополостные. Тип губки)

Арнайы бөліп шығару мүшелері жоқ.
Диффузия жолымен бүкіл денесі арқылы соңғы өнімдер шығарылады.

Жалпақ құрттар типі
(Тип Плоские черви)
Бөліп шығару мүшелері – протонефридии
Құрт денесінде ұзын кірпікшелері бар жұлдыз пішінді жасушалардан жіңішке иілген түтіктер тарайды. Олар құрт денесінде поралар түзеді.

Жұмыр құрттар типі
(Тип Круглые черви)
Бөліп шығару жүйесі жұп ірі тер бездерден тұрады. Ол түрі өзгерген протонефридии. Дененің артқы бөлігіндегі каналдар тұйық, алдыңғы бөлігіндегі каналдар сыртқа ашылады.

Буылтық құрттар типі
(Тип Кольчатые черви)
Бөліп шығару мүшесі - денесінің әр сегментінде орналасқан жұп метанефридий
Метанефридии – түтік тәрізді каналдар, оның бір ұшында кірпікшелері бар воронка, екінші ұшында сыртқа ашылатын бөліп шығаруға қатысатын пора болады. Түтікшелерді қан тамырлары көмкеріп жатады. Оған сұйықтық(су) қайта сіңіріледі.
Бір жасушалы жануарлар (Одноклеточные животные). жүктеу

Ашық сабақ. Биология. 6 сынып. Өсімдіктердің көптүрлілігі және маңызы жайлы түсінік
Ашық сабақ. Биология. Өсімдік – өмір өзегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу