Ясауи атындағы ХҚТУ-да онлайн режимдегі сабақ оң нәтиже көрсетті

Oinet.kz 28-10-2020

Биылғы жылы белең алған індеттің артар міндеті ауыр болды. Дүниежүзінде орын алған індетке байланысты 2019 жылғы 16 наурыздан бастап еліміздегі ЖОО оқыту процесін толықтай қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірген болатын.Осыған орай қоғамда білім сапасының қаншалықты болатынына күдік жоғрылай түскен. 

image.png

  Кеше Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасиловтың университеттегі 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру  жиыны өткізген болатын. Университет ректорының айтуынша, оқу орны 5 жылдан бері сəтті жұмыс жасайтын Түркия Республикасының ең озық қашықтықтан оқыту жүйесі ТурТЕП негізінде қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша барлық оқу түрі онлайн жүйесіне уақтылы әрі сапалы көше білген. Университетт ректоры: "Ата-аналардың, қоғамның қашықтан оқытуға деген пікірі күмәнға тола болды. «Студент онлайн оқуда жауапкершілікті қаншалықты сезінеді, қалай қатысады, не үйренеді, оқу сапасы төмендемей ме?» сарынындағы сауалдар сансыз. Онлайн оқытуда әрбір студенттің оқу үлгерімі онлайн база арқылы бақыланды. Емтихан нәтижесінен соң студенттер арасында жүргізілген сауалнамада оң пікірдің саны басым" дей келе арнаулы дайындалған роликке кезек берді. 

image.png

Университетте 10 мыңнан астам студенттер, интерндер, магистранттар, резиденттер мен докторанттар, сондай-ақ дайындық факультетінің тыңдаушылары білім алады. Оқытушылар дәстүрлі оқу бағдарламасының онлайн контентін қысқа мерзім ішінде даярлап, студенттердің білім сапасының төмендемеуін баса назарға ұстаған. 

Университетте 19 елден келген 40 астам ұлыстар мен ұлттардың  1500 жуық шетел азаматы білім алады. Түркия, Болгария, Венгрия, Албания, Босния, Герцеговина, Косово, Əзірбайжан, Ресей елдерінің студенттері еш кедергісіз университеттің қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы білім алуда.

Жиынға облыс және қала әкімдігінің өкілдері, облыс және қала мәслихат хатшылары мен депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер,  университет оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері, ата-аналар мен студенттер офлайн және  университеттің әлеуметтік желілері арқылы онлайн режимде қатысты.


Тәрбие сағат: «Ана жүрегі әлемді тербетеді»
​ «8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне» арналған 5 сыныпта өткен сынып сағатының сценариі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×