Ашық сабақ: «Қызықты физика» сайысының бағдарламасы

Oinet.kz 30-09-2020 1319

Бакбергенова Салтанат Нуржановна

Түркістан қаласы №21 Колледж

физика пәні оқытушысы

Мақсаты: Студенттердің физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пәнге                            қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

                Құрметті Ұстаздар мен Студенттер!

                «Физика, электржөндеуші және газбен-электрдәнекерлеуші» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Қызықты физика» атты сайысқа қош келдіңіздер! Физиканың қызық та, қиын сұрақтарына жауап беріп, күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде қаншама физика заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар!

                Ұққанға табиғаттың сыры терең,
                Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.
                Демесең болсын егер еңбегім еш,
                Әуелі физиканы оқы дер ем
                               Бүгінде физика барлық жерде.
                               Құрылыста, техникада, өндірісте
                               Сырларын бұл ғылымның игеріңдер
                               Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!

Сайыстың кезеңдері:

1-кезең: «Таныстыру»

Бұл кезеңде әр топ өздерінің топтарының атын, ұранын, топ            мүшелері таныстырып өтеді.

2-кезең: «Физикалық жұмбақтар»

Бұл кезеңде физикалық жұмбақтар қойылады, жұмбақты шешіп    қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтып, жазып беру керек.

Ұпай саны: 

1 жауап -10 ұпай (қазақ тілі)

2 жауап – 20 ұпай (орыс тілі)

3 жауап – 30 ұпай (ағылшын тілі)

3-кезең: «Қызық екен»

                Ұяшықтар арқылы сұрақтар және бейне сұрақтар қойылады.

                Ұпай саны: Әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай

4-кезең: «Кім жылдам»

                Бұл кезеңде викториналық сұрақтарға жауап береді.

                Ұпай саны: Әр сұраққа – 10 ұпай

5-кезең: “Тәжірибе - физика ілімінің атасы”

                Бұл қызықты физикалық тәжірибелер кезеңінде 3 топ конверт таңдап тәжірибелер жасайды.

                Ұпай саны: 20 ұпай

                Армысыздар құрметті төрешілер,

                Сайысын әрбір топтың көресіздер.

                Таразының екі басын тең қойып,

                Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары – Изтлеуова Өзипа апай

Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Ниязбеков Айтжан ағай

                                Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын

                               Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.

                               Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,

                               Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – демекші

1-кезең: «Таныстыру» кезеңін бастаймыз. 

                Бұл кезеңде әр топ өздерінің топтарының атын, ұранын, топ мүшелерін таныстырып өтеді.

2-кезең: «Физикалық жұмбақтар»

Бұл кезеңде физикалық жұмбақтар қойылады, жұмбақты шешіп    қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтып, жазып беру керек.

  • Аса қажет өмірге халық үшін,

  • Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

  • Суға салсаң батпайды,

  • Отқа салсаң жанбайды.(мұз, лед, ice)

  • Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

  • Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

  • Жұрттың бәрі соны сүйеді,

  • Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

  • Көп болса алыстайсың

  • Мезетпен қашықтайсың

  • Асықсаң аз болады

  • Табасың мұны қайсысың? (уақыт, время, time)

  • Сипаттайды жұмысты

  • Тындырады көп істі

  • Ол көп болса ширақсың

  • Кімдер әлсіз, кім күшті? (қуат, мощность-power)

  • Күш көбейсе артады

  • Ауадан артқа тартады

  • Жүзі жұқа үшкір зат

  • Одан бірақ қорқады.(қысым, давление-pressure)

  • Көтерілсе жоғары

  • Ерітеді мұхитты

  • Төмен түссе шамалы

  • Сездірер суық ызғарын (температура-температура-temperature)

  • Жай көзге көрінбейді,

  • Қозғалуға ерінбейді. (молекула-молекула-molecule)

  • Қозғалысқа келтіріп,

  • Жылдамдығын береді.

  • Өлшемдерін қарасақ,

  • Ньютонға ол келеді.(күш- сила- force)

  • Жоғалмайды ешқашан,

  • Түрлендірсең егерде.

  • Басқа күйге ауысса,

  • Жұмыс істейді әрқашан (энергия—энергия- energy)

  • Тағы да бір белгісіз шама шықты,

  • Ол болмаса денелер қозғалмайды,

  • Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (жылдамдық-скорость-speed

3-кезең: «Қызық екен»

Ұяшықтар арқылы сұрақтар және бейне сұрақтар қойылады.

Қызық екен....

1.Эврика!

Физика Майкл Фарадей 1824 жылы қандай жаңалық ашты?

а.бенгал шамдарын ойлап тапты

б.шарды ойлап тапты.

В.тәтті мақтаның құрамын анықтады

2.Ғарышкер күнделігі

Ғарышкерлер ғарышта не істей алмайды?

А.кекіре алмайды

Б. Түшкіре алмайды

В.жылай алмайды

(Ғарышта 803 тәулік бойы Сергей Крекоповтың ең ұзақ уаықт бойы болған адам ретінде тарихат қалды. Ал ғарыштағы қызықты жайт, адам қорылдағанда дыбысы басқаға естілмейді екен.)

3.Ойлан тап!

Жуылған киім аязды күні далаға жайылса не болады?

А. Киім кеппейді

Б.киім жыртылады.

В.киім кебеді

4.Тосын жайт

Аталған бағдаршамның қайсысы бар?

А.смартфоннан көз алмайтындарға арналған бағдаршам

Б.әуенді бағдар шам

В.лед-бағдаршам

5. Тылсым табиғат

Шығыс Қазақстан облысында табиғат кереметі

А.түнгі сағат он екіде жарқырап жанатын көл

Б.күндіз қоңыр, түнде жасыл түске боялатын орман

В.төрт айда 1 см өсетін тау

4-кезең: «Кім жылдам»

Бұл кезеңде викториналық сұрақтарға жауап береді.

«Кім жылдам?» викториналық сұрақтар

  • Физика не туралы ғылым? (Табиғат)

  • Заттың сұйық күйге ауысуы? –қатаю, кристалдану.

  • Электр тогы дегеніміз не? –зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы

  • Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы?-Кебу.

  • Кернеудің өлшем бірлігі?- Вольт

  • Заттың үш күйін ата? –қатты, сұйық, газ

  • Электрон грек тілінде қай сөзден шыққан?-янтарь

  • Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруін не деп атаймыз?- деформация

  • Зарядтың неше тегі бар?-екі

  • Радионы ойлап тапқан?-Александр Сергеевич Попов

  • Заттың ең кішкентай бөлігі? –атом

  • Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі?-термодинамика

  • Ток күшін өлшейтін құрал ?-амперметр

  • Ампер қай елдің ғалымы?-Француз

  • Зарядтардың әсерлесу заңы?- Кулон

5-кезең: “Тәжірибе - физика ілімінің атасы” Г.Галилей айтып өткендей топтар 3 топ конверт таңдап тәжірибелер жасайды. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады? 

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

  1. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

 «В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

  1. Бетін қағазбен жап.

  2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

  3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады? 

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.

 «С» конвертінің тапсырмасы:

Диффузия құбылысына

Екі ыдыс алып біреуіне ыстық су, ал біреуіне салқын су құйып, екеуіне де марганцовка ерітіндісін салып бақылап көрейік. Нені байқаймыз? Ия дұрыс айтасыздар, ыстық судағы ерітінді тез, жылдам еріп, салқын судағы баяу ериді. Неліктен? Себебі диффузия температураға тiкелей тәуелдi. Берiлген заттың температурасы үлкен болған сайын, ондағы диффузия тезiрек жүредi. Диффузия процесiнiң үдеуi температураның жоғарылауы кезiнде молекулалардың қозғалыс жылдамдығының өсуiмен байланысты.

Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тірі де ол
Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,
Бәрінің бағынары физика ғой!- дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Бүгінгі кешімізді мына бір физиктің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.

Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты.
Осындай көтеріңкі көңіл күймен сіздерге «сау болыңыздар» демекпін.

Ашық сабақ: «Қара індет» не себепті жылдам таралды?
Ашық сабақ: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу