Тәрбие сағат: Бастауышым

Oinet.kz 04-10-2020 859

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,  №64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектебінің бастауш сынып мұғалімі

Шерметова Дилфуза Эрмухамадовна                                         

Тақырыбы: Бастауышым 

Ертеңгіліктің мақсаты :  Білімділігі : оқушылардың  бастауыш сыныпта алған 

                                          білімдерін  қорытындылау.

Тәрбиелілігі:өз Отанын , мектебін , ұстазын құрметтей білуге тәрбиелеу .

Дамытушылығы : оқушылардың ойлау қабілетін

Көрнекілігі : мектеп, білім туралы нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, слайд .

                 Барысы:

І. Ұйымдастыру

Мұғалім:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инеиен құдық  қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.

Қайырлы күн , құрметті ата- аналар , ұстаздар  және оқушылар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі асыға күткен – бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі біздің  4 «А» сыныбында өткізгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты мерекелік шараны  ашық деп жариялаймын. 

Ендеше , 4 «А» сыныбының сынып жетекшісі Ниязова Сандуғашты  және бастауыш сыныпты бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырамыз.

Мұғалім:

Елдің елдігі

Ердің ерлігі – Әнұран

Сезім биігі

Төзім иығы – Әнұран

Әннің асылы

Ұранның басымы – Әнұран

(Әнұран орындалады)

Мұғалім:

Құрметті ата- аналар  алдарыңызда тұрған балаларыңыз осыдан төрт жыл бұрын  мектеп табалдырығын  жүрексіне аттаған кіп – кішкене балдырғандар еді. Енді міне бойлары да , ойлары да өсіп , бастауышта білім алып аяқтап , орта буынға өткелі тұр.Талаптарына нұр жаусын деп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Досов Болат Бексиыкұлына беріледі.

Мұғалім:

«Ұстаздық еткен  жалықпас , үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті.Сондықтан да алғашқы ұстазымызға

Хормен: Мың алғыс!

Ұстаз – мейірімді , сезімтал. Сені сүймелдеп , демеп , өмірге өрлетіп ,жетелеп келе жатқан  ұстазың емес пе?               

Ақылбек :

Ұстаз болу – жүректің батылдығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы ,

Ұстаз болу – адамның ақылдығы.

Сандияра :

Сен менің әкемдейсің , анамдайсың ,

Мен үшін армандайсың , алаңдайсың

Ұстазым сеннен артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

Ерасыл:

Көңілің бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын

Өзіңдей  болса, шіркін барлық ұстаз,

Жез таңдай , күміс көмей , сөзі алтын.

Ақтілек:

Көрмеген артық сөйлеп , артық күліп,

Шәкірттерді баулыды тәртіпті қып

Қоштасамыз бүгін ұстазбенен,

«Ұстаз» әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Хор: Ұстазым менің

Мұғалім:

-Иә, бүгін бізде үлкен қуаныш . Себебі біз білім бастауы  бастауышпен қоштасқалы тұрмыз.

-Балалар , сендер мектеп табалдырығын  аттағанда алғашқы кездерің естеріңізде ме ?

Хормен: Әрине

Иляс:

-Иә , біз алғаш мектепке келгенде әліппедегі әріптерді танымадық, оларды бірге қосып, оқып жаза алмадық.Осының бәрін үйреткен , «Әліппе» оқулығы емес пе?

Айгерім:

-Иә , «Әліппе» оқулығы бізге көп нәрсені үйретті.

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдап алтыңнан

«Әліппе»- білім бесігі

«Әліппем» -менің «Әліппем» менің

Өмірді көрсем танып мен

Қайталап айтам мың рет:

Өзіңе көп –көп рахмет !

«Әліппем» менің , Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырыпәріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

Мұғалім:

-Міне,  балалар , әріптердің бәрін оқи алтын болдыңдар.Күні кеше  ғана білім ордасында жанарлары жәудіреп , тал бойлары майысып, үркектей кірген балапандар , енді міне , алғашқы басқыш  бастауыш мектепті тәмамдап , ортаңғы буынға көшкелі отыр .

(Слайд арқылы сыныпқа мінездеме беру)

-Рамазан , неге спорт киімін киіп  шықтың?

-Дене шынықтыру сабағынан үйренгенімді көрсетейін.

-Мен онда бейнелеу өнерінен үйренгенімді көрсетейін .

-Еңбекке баулудан үйренгендей көгершіндер жасап келдім. Бұл біздің көгершіндеріміз. Бастауыштан ұшып  жоғары сыныпқа ұшып бара  жатырмыз. Жолымыз оң болсын ! Сәт сапар достар!

Мұғалім:

Жалығуды білмейміз,

Жабығуды білмейміз

Жауқазындай көзді тартып,

Жайраң қағып билейміз.

Би: Флешмоп

Мұғалім:

Ғалым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да ,тілінен бал тамызған ақын да , тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып , мал бағып, тер төккен шаруа да ,көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз .

 ( Оқушылар осы ұстаздарға арнап өлең жолдарын оқиды )

Мұғалім:

Тамсандырып ән салат ,

Естіген жан тамсанат

Жүректерге жеткізіп

Айнура мен Сымбат қыздарыңыз ән салат.

Ән: Ұстазым

Мұғалім:

-Балалар, ендігі кезекті  білімдеріңе берсек қайтеді . Тақтадан ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз .

1. «Енді қайттім! Не істедім? Суға лақтырып  жіберіп құтылуым керек » Қай мәтіннен алынған үзінді.

2.Ұзындық өлшем бірліктерін ата ?

3.Есептің бәрін дұрыс шығарған Мұрат қана. Шылауды тап.

4.Дүние жүзіндегі мұздықтың 90 пайыздан  астамы шоғырланған құрлық қалай аталады ?

- Өте жақсы меңгерген екенсіңдер!

Келесі кезекті жайдарманшыларымызға  берейік.Ортаға жайдарманшыларымызды шақырамыз.

Мұғалім:

Мың бұралса біз қарап тамсанайық ,

Сіздерге жақсылықпен жар салайық.

Бишілерді сахнаға біз шақырып,

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

Би: Мектеп вальсі

Мұғалім:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне ,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Хормен: Қош бол , балғын балалық,

              Қош бол, сүйікті бастауышым!

Мұғалім:

Мерекеге бүгінгі

Ақ тілегін арқалап,

Келді ата- анамыз

Кезек беріп соларға

Сөзіне құлақ саламыз

Келесі құттықтау сөзді 4- сынып оқушыларының ата –аналарына береміз.

Ендеше, «Бастауышым » атты ертеңгілігімізді жабық деп жарялаймыз. Сау болыңыздар!


Тәрбие сағат: Қарттарым – асыл қазынам
Тәрбие сағат: Абай –дара, Абай –дана қазақта
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу