Өмір мен Өлім туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 27-06-2019 3260

Screenshot_15.jpg

Тыста ұзақ жүргенің – 

Ұзақ өмір сүргенің.


Өліспеген көріседі.


Өлімнен басқаның бәріне асық.


Мысықтың өлімі – тышқанға той.


Өлім байдың малын шашады,


Жоқтың артын ашады.


Ажал ажарға қарамайды.


Өлімнен басқанын ертесі жақсы.


Бірге тумақ болса да, 

Бірге өлмек жоқ.


Өлім деген – ұзақ жолдың алысы.


Көңіл жақсы болғаны – 

өмір жақсы болғаны.


Өтпейтін өмір жоқ, 

Сынбайтын темір жоқ.


Өзен ағысын бөгеуге болады, 

Өмір ағысын бөгеуге болмайды.


Өмір озады, ажар тозады.

Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары
Құдалар туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу