Шымкент: Тұрғын үйге қатысты қызметтер автоматтандырылды

Oinet.kz 11-04-2024 352

        6361e134eb7c6552790530.jpeg

Қазіргі таңда тұрғын үй саласына қатысты мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асырылады. Порталдағы кезек ашық түрде жүргізіледі. Кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы, кезектің жылжу реттілігі, сондай-ақ ашық бюджет ақпараттары кез-келген қызмет алушыға қолжетімді.

Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен үй бөлінген және кезекте тіркелген азаматтардың тізімдері тұрғын үй басқармасының  ресми сайтындағы құжаттар бөліміне салынған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ бұл тізімдер «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» қалалық қоғамдық-саяси газеттерінде жариялануда. Автоматтандырылған жүйе заң бұзушылықты алдын алып, баспанамен қамту мәселесін Заңға сәйкес шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша бүгінде тұрғын үй алу тізімінде 51 015 азамат тіркелген, оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша - 1915;

көпбалалы отбасылар 13 982; халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы –  17 702;  мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 17 381; - жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 22.

         2023 жылы  Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік бағдарлама аясында:

         - сатып алу құқығынсыз арендалық 1687 пәтер беру жоспарланып, оның ішінде 1407-і пәтер табысталды. Оның ішінде: жұмысшы жастарға жастарға -888 пәтер, жетім балалар – 122, көпбалалы отбасылар – 131, әлеуметтік осал топ – 160, мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер-106 берілді. Қалған 280 пәтер 2024 жылға өтпелі (96 пәтері қоныстандырылды, 184 пәтері алдағы уақытта қоныстандырылады).

         - несиелік бағытта (2-10-20, 5-10-20, 5-20-25) жалпы құны 20,7 млрд.тг құрайтын 1758 пәтер жоспарланып, 1514-і (16,1 млрд.тг) қоныстандырылды. Қалған 244 пәтер қоныстандырылуда.

         Бұдан бөлек 150 отбасы «Қамқор» өңірлік бағдарламасы арқылы өз баспанасын алу үшін несиелендірілді.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына аясында, жергілікті бюджет есебінен қайтарымды қаржы негізінде  16 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Бұл функция қала әкімдігінің 06.03.2024 жылғы №923 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының құрылыс басқармасына берілді. Сонымен қатар, 2023 жылы тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі 21 коммуналдық меншіктегі үй мен 3 жедел сатыны ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді.


Шымкентте оқушылар автобуста тегін жүреді
Шымкент: Биыл мембағдарлама аясында қанша пәтер беріледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу