Балабақша тақпақтары

Oinet.kz 02-08-2019 5102

Depositphotos_48545859_s.jpg

Меңгеруші

Орын берген біз үшін,

Меңгеруші жақсы адам

Сондықтанда біз үшін

Артық өзі басқадан!

...

Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам!

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші ақ мамам!

...

Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз,

Өлкемізге күз келді

Кемелдейсін халқымыз.

...

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі,

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

...

Ұстаздар ұлттың тірегі,

Ұстаздар білім жүрегі,

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі!

...

Бала бала баламыз,

Бақшамызға барамыз,

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз!

...

Кырғыз, қазақ, ұзбектер,

Монгол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин, 

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатар.

                                                                                                                                         ...

Отан 

Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем айналам

Отан тұған ауылым


Біздің отан ұлы отан

Ұлы отанды сүйемін

Біздің отан ұлы отан

Басымызды иеміз

...

Таңда туып түлеген

Тас түлектей көреген,

Көк койында тояттап

Шың басында түнеген,

Ұшқыш болғым келеді!

...

Наурыз тойы салтанат,

Науырыз тойы мархабат,

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

...

Сәлем беріп сіздерге

Бар өнерді саламыз,

Өнерлі бала бар деп

Әлемге жар саламыз!

...

Ал, халайық тұрмайық

Әндетейік, жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық!

...

Ән салыңдар, күліңдер, 

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Күздің тойын тойлайық

Би бийлейік, ойнайық!

...

Біз балдырған кең басқан,

Дос қушағын қеңге ашқан,

Тілегіміз әділдік,

Ашық болсын кең аспан!

...

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз,

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңіміз!

...

Тиін

Емен, жеміс... Тағы не?

Бәрін, бәрін білемін. 

Өйткені мен бәріне 

Зейін қойып жүремін.

...

Уа, ағайын халайық, 

Мұнда назар салайық, 

Мерекесі халықтың, 

Наурыз тойын бастайық!

...

Құлыншақ


Құлын, құлын, құлыншақ

Желкілдейді тұлымшақ, 

Құйрығында құндызы, 

Маңдайында жұлдызы!

...

Бала бала баламыз.

Бакшамызга барамыз.

Кулип ойнап кызыкка.

Батамызда каламыз.

Иiлемiз онга бир.

Иiлемiз солга бир.

Тарбиеши карайды.

Аякка бир колга бир.

...

Тербеледи ағаштар, 

Алдымнан жел еседі,

Кіп кішкентай балалар, 

Үп үлкен боп өседі!

...

Біз бақытты баламыз,

Айтқан тілді аламыз, 

Достарымды көргенде,

Амандасып қаламыз

Сәлем, сәлем, сәлем!

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз,

Бір отырып, бір турып

Тез шынығып шығамыз!

...

Бала-бала балапан

Кане қайсы алақан,

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.


Топ-топ топ басамыз

Жалаудан күн жасаймыз,

Жасай берсін жарқын күн,

Жасай берсін алтын күн!

Жаттығу. Сергіту сәті
Жаңа жыл туралы тақпақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу