Әруақ келген түн

Oinet.kz 28-10-2021 1478

2007 жыл. Жеке өмірімдегі ушығып кеткен оқиғалардан қатты қиналып жүрген кезім. Бір күні таңға жақын әдеттегі оянатын уақытымда белгімен ояндым (қандай белгі екенін айтпады).

Screenshot_1.jpg

Үстелде маған қарамай бір адам отыр. Бетін көрсетпеді. «Сен қатты қиналдың, бірақ жасыма, жақында жаныңдағы лас адамдардан ат құйрығын кесісетін уақыт келеді» деді. Сосын дауыстап біреуді шақырғандай болды. Бөлмеге жалаңаяқ, үстерінде кіләң көрден тіккен ақ жиде-шалбары бар ылғи ер адамдар топырлап кірді де, бұйрық күткендей тұрып қалды. «Мына адамдар сені қорғайды, айтқаныңды екі етпейді және үнемі сенің жаныңда болады» деді де орнынан тұрып, көрінбей кетті.

Мен оларға қонақ бөлмеге санап тұрып төсек салып бердім. Олар сөйлеген жоқ, бірақ санама олардың менің рұқсатымсыз еш нәрсе істемейтіні және мен сөйлемей-ақ, ойымды оқи алатынындары туралы хабар түсті. Мұндай тосын жайттар үнемі өң мен түстің ортасында өтеді.

Енді бірде бірер күн түнде терезеге тырс етіп өте ұсақ тас лақтырғандай дыбыс шығып жүрді. Ондай уақытта үй ішінде де дыбыстар естіліп, оған қарсылық білдірілгендей болды. Артын күтіп жүрдім. Қара күштер, әлдебіреудің оқып жіберген пәлесінің келетін уақыты, яғни менің ол туралы білетін дәл уақытым бар. Үшінші күні таңда сол сәт соқты.

Белгімен ояндым. Сыртта қабырғаға анау-мынау емес, дәу бірдеңе жабысып тұрғандай болды. Денеме ток өтті... «Ағузу биллаҺи минаш шайтани раджим...» деп аузымды аша бергенім сол еді, сырттағы пәле салдыр-күлдір етіп қаша жөнелді. Дыбысы мына өмірде мен естімеген дыбыс және ол екі-үш секундтан соң сап тыйылды...

zhaikpress.kz

Әруақ деген бар екен
Қайтыс болған атамды бір минутқа тірілткен молда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу