Дуаның кесірінен әйеліммен ажырасқым кеп жүр

Oinet.kz 11-04-2022 4991

Менің әкем өте жас кезінде үйленген екен. Ата-анасының айттыруымен көрші ауылдың қызын алған. Алайда отасқан әйелімен дәм-тұзы жараспапты. Тұңғыш ұлы дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай ажырасып кеткен.

Screenshot_14.jpg

Ажырасуына себеп әйелінің шәйпауыздығы, дуаға жақындығы себеп болды деседі. Ата-енесімен де жақсы тіл табыса алмағанға ұқсайды. Сондықтан әкем ата-анасының рұқсатымен ол әйелден ажырасып тыныпты.

Бірінші әйелімен ажырасқаннан кейін әкем менің анаммен танысып, араға 2 жылдай уақыт салып, қайта отбасын құрды. Анам дүниеге үш қыз, бір ер бала әкелген. Алайда анам біз ес білгелі өте көп ауырды, денсаулығы сыр беріп, қаратпаған жеріміз жоқ. Біздің бала күнімізде әкем жиі-жиі ішіп үйге келмей қалатын, табысы да нашар, қысқасын айтқанда тұрмысымыз мәз емес болды. Әкем ішіп келгенімен қоймай айғай-шу шығарып, анама қол көтеретін. Анам бірде қашып құтылады, бірде айғайласады, кейде алдап-сулап жатқызады. Әйтеуір бір тыныш күні болған емес.

Сондықтан ба, жаны әбден күйзелген болса керек 57 жасында ауыр науқастан көз жұмды. Дегенмен анам өзінің денсаулығының нашарлығына қарамастан бізді өсіріп жеткізді. Ол ылғи да: Әкелеріңнің бірінші әйелі біздің отбасымызды оқытып тастаған, шаңырағымызда береке болмағаны да сондықтан. Алла балаларымның жолын оңғарып, бақтары ашылса екен" деп айтып отыратын.

Мен анамның айтқан сөзіне сол кезде аса мән бермесем де кейін өзімнің басыма қиындық түскенде есіме алдым. Шынымен де біздің шаңырағымызда еш береке, құт болмады. Үйдегі апалы-сіңлілі үш қыздың да тұрмыста бақтары ашылмады.

Біріншісінің күйеуі әсіре діншіл, өз-өзімен лағып жүретін біреу болды.

Екінші қыздың күйеуі нағыз алқаш боп шықты. Үйінде екі күннің бірінде ұрыс.

Ал үшінші қыздың күйеуі қызқұмар, ауылда жүрмеген әйелі қалмады, ақыры ажырасып тынды.

Ал енді менің шаңырағыма келсек, өз үйім де берекенің ұйытқысы бола қоймады. Әйелім қит етсе төркіндетіп кетер санасыз біреу боп шықты. Мен тапқан-тергенімді бала-шағамның несібесі деп үйге тасып әлекпін. Ол болса туған-туысына таратады. Әйелім маған тұрмысқа шыққалы оған тіпті жұмыс істеткен емеспін. Бар ойым ол балаларымызды жақсы тәрбиелесін деп ойладым. алайда ол күн ұзақ үйде отырып бір уақытт тамақ істегенін бұлдайды. Өзінің туған-туысының той-томалағынан қалмайды, соңғы тиынымызды болса да апарады. ал менің қарындасым, не әпкем қиын жағдайда болғанын айтып мен көмек қолын созсам бірден ұрыс шығарады.

Шынымды айтсам, ажырасып-ақ кеткім келеді. Әттең екі баламды қимаймын. Өзім қателескен, басқа кімді кінәлаймын. Қарап отырсақ әкеміз бен анамыздан басталған ыдыс-аяқ сыңғыры олардан тараған бүкіл балаларында да қайталануда.

Осы ретте әкеміздің бірінші әйелі әкемнің жолын байлап, дуалап оқытып тастады деген әңгіме жиі есіме түсетін болып жүр. Расында солай ма екен, әлде бұл бос сөз бе?

Асхат, Алматы

alashainasy.kz

Ағамның әруағы мені өлімнен құтқарып қалды
Иесіз қыстауда түнде көрінген тұяқты әйел әке мен баланың зәресін алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу