Жапондық шашы өсетін қуыршақ

Oinet.kz 24-09-2019 4336

timthumb (6).jpg

Кимано киген қуыршақ. Шашы да өседі... Шындық па, аңыз ба?

Оқиға былай басталған...

Жапонияның Хоккайдо аралында жергілікті дүкеннен бұл қуыршақты қарапайым жапондық отбасы сатып алады. Қуыршақты 17 жасар Сузуки есімді жігіт сатып алады, алайда өзі үшін емес, 2 жасар қарындасына арнап алады. Қарындасы Окику қуыршақты ұнатқаны соншалық оны үнемі өзімен бірге алып жүріп, оған адамға қарғандай қарап, қамқор болады. Кейіннен кішкентай қыз тіпті қуыршақты өз атымен Окику деп атай бастайды. Қыздарының қуыршаққа деген махаббатын байқаған отбасы да оған адам ретінде қарай бастайды. 

Арада жыл өткенде кішкентай Окику аяқ аяты қатты сырқаттанып көз жұмады. 

Содан Окикудың атаанасы оның орнына қуыршаққа қарай бастайды. Тіпті қуыршаққа мұңын шағып, қызына айтқысы келгендерін қуыршаққа айта бастайды. Кейіннен олар бір тылсымды байқайды. Окику қуыршақтың шашы дәл олардың қыздарының шаш ұзындығына дейін жетіп қалады. АНасы қайшымен қиып тастаса, қайта өседі. Отбасы бұл қыздарының қуыршақтың денесіне кіріп алған деп ойлап, одан әрі қуыршаққа қамқор болады.

Отызыншы жылдардың соңында Сузуки отбасы Сахалиннен көшуді ұйғарады. Бірақ олар Окикудың бұл жерден басқа ешқайда шығып көрмегеніне аладап, қуыршақты сол жердегі храмға тастап кетуге бел буады.

Храм иесі барлық қуыршақ жайлы ақпаратқа көз жеткізіп, оның шашы өсетінін де байқап, қуыршақты ғибадатханаға қабыл алады.

Қуыршақ және оның аңызын естіген жұртшылық бұл жерге көптеп келе бастайды. Тіпті кейіннен бұл ғибадатхана атақты туристік жерге айналады. Ір келген адам оның шаштарының өсі процессін көре алды немесе бұл өзін*өзі сендіру. Десе де қуыршаққа қарау кейбір адамдарға өте қорқынышты болады екен.

Дін зерттеушілер бұл процессті адамдар өздері қыздарының жандарын екі әлем ортасында алып қалған деп түсіндіреді.

Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан сарбаздар елесі
Құдаймен телефон арқылы сөйлескен қыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу